«Ұлт болашағы – тіл»

   Оқырмандардың тіл байлығын дамытып, өз пікірін еркін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында 2017 жылдың 26 мамырында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы қызметкерлері «Ұлт болашағы – тіл» атты пікірталас ұйымдастырды.

    Қызылорда гуманитарлық экономикалық және «Абылай хан» атындағы колледждерінің студенттері «Отырар» және «Жібек жолы» топтарына бөлініп, қарсыластарының пікіріне тұжырымды жауап іздеді. Пікірталас барысында «Отырар» тобы өз пікірлеріне сенімді жауап беріп, жеңіске жетті. Қызықты тартыс өзге оқырмандардың қызығушылығын оятты.

  Пікірталас соңында оқырмандардар бір - бірін тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақырды.


 

 

 

 

 


 

26 мамыр 2017 ж. 17:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: