«Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре»

    2017 жылдың 22 қыркүйек күні Абылайхан атындағы колледжінің кітапханасында философ, ойшыл, шешен, терең жазушы, үлкен саясаткер, сол заманымызды суреттеген мемлекет әрі қоғам қайраткері Ә.Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Үркер» романы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.Әбіш Кекілбаевтың әрбір шығармасында қазаққа, Отанға деген сүйіспеншілік, рухани жаңғыруымыздың қайнар көзі – ел тарихи айқындалған.

      Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы Қазақстанның Россияға қосылуының 250 жылдығына орай жазылған. Шығарма халық тағдырының алды үмітсіздеу, белгісіз бір кезеңінде Әбілқайыр ханның орыс патшасына бодан болуға рұқсат сұрап, елші жіберіп, соның жауабын сарыла күткен күпті күйін суреттеуден басталған. XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Ол әдебиеттегі тарихи шығармалардың қатарында белді жерден орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары, айрықша орамды шығарма.

      Кеш қонақтары Абылай хан атындағы колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Саракүл Өтемісова , Гауһар Мамутова, Жастар комитетінің төрағасы Жарылқасын Сүгірбай , Абылай хан атындағы колледжінің кітапханашысы Айымкүл Қоспанова «Үркер» романының ерекшеліктеріне тоқталып ой бөлісті. Шығарма толығымен талданып, мазмұны терең ашылып, салмақты пікірлер айтылды.

   Оқырмандар конференциясынан ой түйген қатысушылар «Ұлттың бойтұмары » атты жазушының өмірімен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты.


 

 


25 қыркүйек 2017 ж. 11:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: