«Парызын өтеген перзент» Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың 100 жасқа толуына байланысты, еске алу кеші өткізілді.
Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы қайраткер. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.
Еске алу кешіне «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері қатысып, Ж.Ташенов және Н.Хрущевтың арасындағы жерге қатысты жанжалдың көрінісін сомдады.
Болашақ университетің «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш оқыту педагогикасы» кафедрасының доценті Гаухар Сәдуахасова Жұмабек Ташенов жайлы баяндама жасап, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.
|
Гости12
Роботы20
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 6 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ