Молдахмет Кенбаевтың туғанына 90 жыл

   15  шілде  күні  кітапхананың   өнер бөлімінде Қазақстанның халық суретшісі, кескіндемеші, педагог, Молдахмет Кенбаевтың туғанына 90 жыл толуына диалог-шолу өткізілді.
     Диалог-шолудың  мақсаты:  суретшінің  бейнелеу өнеріндегі қол жеткен табыстары жайлы, балалық шағы,   өнері жайлы   жалпы оқырман қауымды  таныстыру.
     Суретшінің   балалық шағында суретшілер үйірмесінде салған алма ағашы саясындағы қыздың бейнелеген суреті  Москвада балалар суреттерінің бүкіл одақтық көрмесінде  тұр. Оқырмандарға  «Жоқтау», «Сүйінші», «Әліби Жанкелдиннің отряды» «Қарт шопанның әңгімесі», «Әңгіме үстінде» атты суреттері көрсетілді. Сонымен  қатар  Кенбаев  И.А.Репиннің шәкірті болғаны,  оның тұңғыш қазақ бейнелеу  өнерінің профессоры болғаны айтылды. Оның таңдаулы шығармалары Москвадағы Третьяков галереясында сақтаулы. 

 

 

Молдахмет Кенбаевтың туғанына 90 жыл

 


 

 




15 шілде 2015 ж. 08:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: