Тәуелсіздік жаршысы – Мұстафа Шоқай

     14 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, дүниежүзілік деңгейдегі саясаткер, заңгер, публицист, қоғам қайраткері, өз ұлтының патриот-күрескері үлкен құрметке лайық тұлға – Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жаршысы – Мұстафа Шоқай» атты тақырыптық кеш №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

     Мақсаты: гуманист-ойшыл, демократ, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы, қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған, шындық үшін күрескен саясаткер Мұстафа Шоқайдың өмір жолы жайлы мәлімет беру, өз Отанын, елін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімін қалыптастыру.

     Тақырыптық кеште №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Қайықбаева қоғам қайраткері, қазақ халқының азатығы мен жарқын болашағы үшін күрескен М.Шоқай жайлы әңгімеледі. Кеш барысында оқырмандар Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған танымдық сұрақтарға жауап берді, ол жайындағы қызықты деректерден мағлұмат алды, оның афоризмдерін жатқа оқыды. Кеш соңында оқырмандар «Кім тез?» атты қазақ тарихына арналған интеллектуалды сұрақтарға жауап берді, «Дара дарын иесі –Мұстафа» атты кітап көрмесін, «Әлем таныған тұлға» атты слайдты және «Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары» атты бейне- роликті тамашалады.

     Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары және №140 орта мектептің оқушылары қатысты.


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 


 

 


 

14 қазан 2015 ж. 17:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: