Рәміздерім мақтанышым

        Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі  11 ақпан күні «Рәміздерім мақтанышым» атты патриоттық сағат өткізді. 
       Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді арттыру, оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру, оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шара «Еңселі Елтаңба», «Тұғырлы туымыз», «Асқақтаған Әнұран» атты бөлімдерден тұрды.
       Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы кеңінен мәлімет алды. Оқушылар Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұран, Отан, туған жер  туралы өлеңдерді жатқа оқып, би билеп, ән шырқады. 
        Аталмыш іс-шараға Тасбөгет кентіндегі №172 орта мектептің 5 сынып, №12 І.Қабылов атындағы  орта мектептің 1 «А» сыныбы, № 217  Б.Шалғынбаев атындағы мектептің мектепалды даярлық тобы,  2,5,6,8 сынып,  №264 мектеп-лицейдің 2,3,6 сынып  оқушылары  және ата-аналар қатысты.

Рәміздерім мақтанышым

 

Рәміздерім мақтанышым

 

Рәміздерім мақтанышым

 

Рәміздерім мақтанышым

 

Рәміздерім мақтанышым

 

Рәміздерім мақтанышым

 

 

11 ақпан 2016 ж. 16:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: