ӘБДІКӘРІМОВ ШАКИЗАДА

     1956 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген.  ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

     Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» кітабына енген. 1981-1985 жж.  Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер, 1985-1995 жж. Байқоңыр қалалық  телекомпаниясының төрағасы, 1996-1997 жж. республикалық «Қазақстан–1» теледидарының Қызылорда  облысы және Байқоңыр ғарыш кешені бойынша меншікті тілшісі, 1997-1999 жж. Қызылорда арнайы  экономикалық аймағы теледидарының төрағасы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Қоғам» газетінің  директоры. Қазір Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы.

     1983 жылы «Қарлығаш» ұжымдық кітабында өлеңдері жарық көрген. «Байқоңыр», «Төрткүл» өлеңдер  жинағының авторы. Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы  «Байқоңыр» өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын алған  (2004). Құрмет орденімен марапатталған.

 

Əдебиеттер:


  Əбдікəрімов Ш. Көк астындағы қағанат: Өлеңдер жинағы. – Бишкек, 2002. – 84 б. Əбдікəрімов Ш. Байқоңыр: Өлеңдер кітабы. – Алматы: Білім, 2001. – 96 б.

  Əбдікəрімов Ш. Гладиатор: Өлеңдер. – Астана: Астана полиграфия, 2010. – 240 б.

***

  Əбдікəрімов Шаһизада //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 63-64 б.

  Əбдікəрімов Шаһизада //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 48 б.

  Əбдікəрімов Шаһизада //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 40б.

  Əбдікəрімов Шаһизада // Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 125-126 б.

  Аяшұлы Д. Қаламықауырсыннан, өлеңi қорғасыннан: Ақын Шаhизада Əбдiкəрiмов туралы // Сыр бойы.- 2003.- 18 ақпан.- 6 б.

  Данабаев Қ. Поэзия... мен сені неге іздедім: Жерлестеріміз Ш.Əбдікəрімов, Н.Исабаев, С.Сейітмағамбетұлы, Н.Раманқұловтың жыр жинақтары хақында. "Сыр елім-киелім" / Қ.Данабаев // Сыр бойы.- 1999.-21 қаңтар

  Лайықтыларға құрмет: «Құрмет» орденімен Ш.Əбдікəрімовты наградтау туралы ҚР Президентінің жарлығы //Сыр бойы. – 2011. – 15 желт. – 2 б.

  Омарұлы Б.Гладиатор: Ақын, журналист Шакизада Əбдікəрімов туралы эссе //Сыр бойы. – 2009. – 1 тамыз – 5 б.; Ақмешіт ақшамы. – 2009. – 31 тамыз – 4-5 б.;Ана тілі.- 2009. - 23-29 шілде (№29). - 10 б.

  Шəрiп А.  Шаһизаданың шекарасы: Ақын Ш. Əбдiкəрiмовтың "Менiң шекарам" атты өлеңi  жайлы // Айқын.- 2012. - 10 сəуiр (№64). - 5 б.


 

20 апрель 2015 г. 16:01
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: