ӘБДІҚАДЫРОВ ҚАЛМАҚАН

     14 сәуір 1903 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол ұлттық әдебиетіміздегі өзіндік  үлес қосқан көрнекті ақынның бірі. Еңбек жолын «Еңбекші қазақ» газеті редакциясынан бастайды. Алғашқы  «Сырдария» өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған. (1925). Қалмақанның ақындық жолға түсуіне де осы  редакция себеп болып бағыт береді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жалшы» деген атпен 1928 ж. жарық көрді. 30-  жылдарда өлеңді өндірте жазып, «Екпін», «Шахтер» атты өлеңдер жинағын баспадан шығарды. Осыдан бастап  оның өлең, жырлары, әңгімелері республикалық газет, журнал беттерінде жиі-жиі басылады. Әбдіқадыров  ұжымдастыру дәуірін, ондағы еңбек адамдарын үзбей жырлаған.

     Ақынның 1935-51 ж. аралығында жазған «Май», «Батыр», «Сәтбаев», «Еділ – Дон», «Келес қызы» поэмалары  нақты өмір шындығынан алынып, ерлігі мен өнегелі істерін бейнелеуге арналған. Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан»  повесі 1954, 1956, 1959 ж. қайта басылды, 1970 ж. орыс тілінде жарық көрді. «Алатаудың бауыры» (1935),  «Амантай» (1936), «Тапқыш» (1937), «Тәтті қауын» кітаптары республикада балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. «Серт» жинағына 1941 жылдарында майданда жүріп жазған өлеңдері топтастырылған.

     Қ.Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбу-л-Қасым Фирдоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А.Токомбаев, орыс жазушысы В.М.Кожевников шығырмаларын аударған. Оның тікелей парсы тілінен тәржімалаған «Мың бір түннің» 4 кітабы үш рет 1949, 1955, 1962 ж. Қайта басылды. Қ.Әбдіқадыровтың осы аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады.

     Жазушы жауынгерлік Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Шиелі қалашығында қазақ орта мектебі Қалмақан Әбдіқадыровтың есімімен аталады.

 

Əдебиеттер:


  Əбдіқадыров Қ.Қажымұқан:Повесть / Қ.Əбдіқадыров.- Алматы:Жалын, 1981.- 176 б.Əбдіқадыров Қ. Қажымұқан: Повесть жəне əңгімелер. – Алматы: Жазушы,1989. – 415б.

  Əбдіқадыров Қ. Қажымұқан: Повесть. – Алматы: Жазушы, 2003. – 240 б. Əбдіқадыров Қ. Қажымұқан:Повесть жəне əңгімелер. – Алматы:Атамұра,2007. – 240б. Əбдіқадыров Қ. Қажымұқан: Повестер мен əңгімелер / Қ.Əбдіқадыров.-Астана: Фолиант, 2009.- 376 б.- (Сырдария кітапханасы)

  Əбдіқадыров Қ. Қажымұқан. Шоқан асулары: Повестер /Қ.Əбдіқадыров, С.Бегалин. - Алматы: Жалын, 1988.- 512 б.- (Қазақ балалар əдебиетінің кітапханасы) Əбдіқадыров Қ. Өлеңдер жинағы: (1943-1946 жылдардағы) / Қ.Əбдіқадыров.- Алматы: Қазмемкөркемəдеббас, 1948.- 110 б.

  Əбдіқадыров Қ. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар / Қ.Əбдіқадыров.- Алматы: Қазақ мем. көркем əдебиет баспасы, 1958.- 252 б.

***

  Əбдіқадыров Қалмақан //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы:Аруна, 2005. – 64 б.

  Əбдіқадыров Қалмақан //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы, 1998. – Т.1. – 599 б.

  Əбдіқадыров Қалмақан //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 48 б.

  Əбдіқадыров Қалмақан //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 40-41б.

 

  Əбдіқадыров Қалмақан //Қазақ совет поэзиясының антологиясы. 2-томдық. – Алматы, 1966. – 1-том. – 289 б.

  Əбдіқадыров Қалмақан // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр.анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 54-55 б.

  Əбіқадыров Қалмақан //Сыр елі. Қызылорда облысы:Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 126 б.

  Əбдіқадыров Қалмақан // Ата мекен / Құраст. М.Аяпұлы, Н.Қасымұлы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 131 б.

  Бердібаев Р. Тереңнен сыр тартқан: [ Ақын Қ.Əбдіқадыров туралы ] // Бердібаев Р. Замана сазы: Зерттеулер мен мақалалар. – Алматы, 1985. – 262-266 б.

  Дəулетұлы А. Халқының Қалмақаны //Дəулетұлы А. Сыр саңлақтары. – Қызылорда, 2010. – 267-274 б.

  Дəулетұлы А. Халқының Қалмақаны //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 58-62 б.

  Кенжебаев Б. Қалмақан Əбдіқадыров // Кенжебаев Б. Жылдар жемісі:  Əдеби мақалалар  мен  естеліктер. – Алматы, 1984. – 272-275 б.

  Қараев М. Қалмақан Əбдіқадыров: Өмірі мен шығармашылығы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 80 б.

  Қараев М. Дəуір суреткері: Жазушы Қ.Əбдіқадыровтың шығармашылығы жайлы /

  Қараев М. // Əбдіқадыров Қ. Қажымұқан.- Астана, 2009.- 5-14 б.

  Қаратаев М. Туған жер түлегі: Қ.Əбдіқадыров жайлы естелік//Қаратаев М. Ізденіс іздері: Əдеби-сын мақалалар. – Алматы, 1984. – 301-304 б.

  Мəуленов С.Поезд жылжи берді...: Қ.Əбдіқадыров жайлы естелік //Мəуленов С.Телтолқын: Əдеби жазбалар, эсселер,портреттер. – Алматы: Жалын, 1989. – 164-167 б.

  Нұртазин Т. Адал ниет жемісті еңбек: Қ.Əбдіқадыровтың шығармашылығына шолу //Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы, 1968. – 233-246 б.

  Ардақты азамат ақын Қалмақан Əбдіқадыровтың туғанына 70 жыл:Мақалалар //Ленин жолы. – 1973. – 9 январь

  Əбенов Қ. «Мың бір түн» қалай аударылды: [ Қалмақан Əбдіқадыровтың туғанына 90 жыл ] // Сыр бойы. – 1993. – 15 шілде

  Əбенов Қ.Сүйерім, сүйенерім, тəңірім– халқым...: [ Қалмақан Əбдіқадыровтың туғанына 90жыл ] // Сыр бойы. – 1993. – 29 сəуір

  Əлімбаев М. Қалмахан мектебінің хəлі қалай? //Қазақстан мұғалімі. – 1989. – 18 август Əміреұлы М. Жарияланбаған жырлар: [ Қалмақан Əбдіқадыровтың туғанына 95 жыл ] // Сыр бойы. – 1998. – 3 ақпан

  Базарбаев Д. Əкес туралы əңгіме //Ленин жолы. – 1984. – 30 март

  Бекмұратұлы С. Қан майдандакiтап арқалаған қазақ: Соғыскезiнде кiтап арқалаған Қалқаман Əбдiқадыров туралы // Алматы ақшамы.- 2009. - 7 мамыр (№53). - 25 б.

  Бердібаев Р. Өміршең өнер өнегесі //Ленин жолы. – 1984. – 31 май Дəулетұлы А. Халқының Қалмақаны // Сыр бойы. – 2003. – 10 сəуір

  Достияров А. Ақын аға, абзал азамат: [Жазушы Қ.Əбдіқадыров туралы естелік ] // Ленин жолы. – 1983. – 12,15 нояб.; Сыр бойы. – 1993. – 25 мамыр Достияров А.Қамқор Қалекең // Алматы ақшамы. – 1993. – 16 тамыз

  Достияров А."Мың бiр түнiмен"марқайтқан...: немесе жазушы Қалмахан Əбдiқадыров есiмiнеге қағажу қала бередi? // Қазақ Елi.- 2009. - 24 наурыз (№ 5/6). - 6-7,9 б.

  Достияров А. Отты жырың жасай бермек: К.Əбдіқадыровқа арналған өлең //Ленин жолы.-1984.-31 мамыр

  Дінішев М. Жауынгер жазушы // Қазақ əдебиеті. – 1985. – 22 ақпан. – 7-8 б. Есмаханұлы С. Қарымды қаламгер, дархан дарын //Сыр бойы. – 1998. – 24 наурыз Жаппарханов Ө. Қап арқалаған қазақ //Ленин жолы. – 1975. – 17 сент.

  Жəмiшев Ə.Алпыстың асуында: [Қ.Əбдiқадыровтың 60 жасқа толуына] // Қазақ əдебиетi.- 1964.- 14 февр.

  Жəукебаева Б. Қара шаңырақ қанаттандырған // Егемен Қазақстан. – 1993. – 20 қазан Жұматова М. Өлмес мұра қалдырған: Қ.Əбдіқадыровтың 80 жылдығына арналған өлең //Ленин жолы.-1984.-31 март

  Керімбаев С. Қалмақан жəне оның қаруластары //Қазақ əдебиеті. – 1987. - №26.

  Мұханбетжанова Г. Қалмақан Əбдіқадыров жырларындағы Сыр суреті: Өлкенің табиғатына арналғанөлеңдері туралы //Ақмешіт апталығы. – 2008.– 8 мамыр– 6 б.

  Мырзахметұлы Қ. Кітап арқалаған қазақ: Қалмақан Əбдіқадыров туралы естелік / Қ.Мырзахметұлы // Сыр бойы.- 2004. - 29 маусым

Раманқұлов Н. Іні тілегі: Қ.Əбдіқадыровтың 80 жылдығына арналған өлең //Ленин жолы. – 1984. – 31 март

  Салқынбаев М."Мың бiр түннiң" қазақ тiлiне аударылуы: "Айуан тiлiн бiлетiн диқан", "Балықшы туралы əңгiме" хикаялары бойынша.     Қ.Əбдiқадыров пен Қ.Мұхамеджанов аудармалары // Қазақ тiлi мен əдебиетi.- 2005. - N11.- 92-97 б. Библиогр.: 6 атау.

  Сəрсенбаев А. Жазушы Əбдіқадыров есімі ескерусіз қалмасын //Сыр бойы. – 1992. – 27 қазан

  Сопыбеков А.Қалмақанның қоштасу хаты //Сыр бойы. – 1993. – 15 сəуір; Сыр бойы. – 2003. – 9 қырк.

  Сопыбеков А. Қалмақаннаң хаты: Қалмақан Əбдіқадыровтың туғанына - 100жыл //Егемен Қазақстан.- 2003. - 24 қыркүйек ; Қазақ Елі.- 2005.- 18 мамыр (N19).-6 б.

  Сопыбеков А. Қалмақанның хаты : Қ.Əбдiқадыровтың "Мың бiр түнi" жəне жинаққа кiрмеген қолжазбаның тарихы // Ана тiлi.- 2008.- 8 мамыр (N 19).- 13 б.

  Танабаев А. Ақын юбилейіне арналған кеш: Облыстық кітапханада өткен кештен //Ленин жолы. – 1984. – 31 март

  Тебегенов Т.Дəуір перзенті: [ Қ.Əбдіқадыровтың80 жылдығына ] //Ленин жолы. – 1983. – 13 дек.

  Тоқмағамбетов А. Қаламдас аға, қадірлі дос //Ленин жолы. – 1963. – 15 июнь

  Ысымов А. Жомарт жүректі азамат: [ Қ.Əбдіқадыровтың туғанына 80 жыл ] //Жұлдыз. – 1983. - №4. – 190-193 б.

  Ысымов А. Қарымды қаламгер //Мəдениет жəне тұрмыс. – 1983. - №4. – 13 бет.


 

20 сәуір 2015 ж. 16:16
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: