БАЛҒАБАЕВ СҰЛТАНӘЛІ

     1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданы, Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, 1964–1966 жж. туған ауылында шопан болған. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Білім және еңбек» («Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған. 1992 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, 2002 жылдан «Алтын бесік» журналының Бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының соңғы үш құрылтайында одақтың басқарма мүшесі болып сайланған. Сонымен бірге қазір Жазушылар одағының Драматургия кеңесінің төрағасы. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызметте.

     1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. С.Балғабаевтың «Алтын сағым» (1979), «Құм мен қызғалдақ», «Шөл» (1984), «Дала мен дария» (1988), «Қазақтың қызыл кітабы» (1988), «Красная гармонь» (1992), «Ең әдемі келіншек» (2006) атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары жарық көрген. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша қаламгердің «Сыр мен Сарысу», «Ғажайып көктем» атты екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрген.

     С.Балғабаев 80-ші жылдардан бастап драматургия жанрында жемісті еңбек етіп келеді. «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес» (Қазақстан Мәдениет министрлігінің жабық бәйгесінде жүлде алған), «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр», «Сағыныш пен елес», «Өтірік айтпайтын адам», «Әйелдер әлемі» атты пьесалары республикалық театрларда сахналанған. Автордың драмалық шығармалары «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз» деген атпен екі рет кітап болып жарық көрген.

     Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарының иегері.

 

 

Əдебиеттер:


  Балғабаев С. Біз де ғашық болғанбыз: Пьесалар. – Астана: Ақарман, 2008. – 252 б. Балғабаев С. Дала мен дария: Повестер мен əңгімелер / С.Балғабаев.-Алматы: Жазушы, 1988.- 320 б.

  Балғабаев С. Ең əдемі келіншек: Əңгімелер мен пьесалар / С.Балғабаев.- Алматы: Ана тілі, 2006.- 272 б.

  Балғабаев С. Қазақтың қызыл кітабы. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 256 б.

  Балғабаев С. Құм мен қызғалдақ: Повестер / С.Балғабаев.- Алматы: Жалын, 1982.- 280 б.

  Балғабаев С. Шөл: Повестер мен əңгімелер / С.Балғабаев.- Алматы: Жалын, 1984.- 352 б.

  Балғабаев С. Шығармалары: Повестер мен əңгімелер. Екінші том. Ғажайып көктем /С.Балғабаев; Б.Кəрібозұлы.- Астана:Фолиант, 2009.- 392 б.- (Сырдария кітапханасы)

***

  Балғабай СұлтанəліБазарбайұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 117 б.

  Балғабаев Сұлтанəлі //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 86-87 б.

  Балғабаев Сұлтанəлі //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 73б.

  Балғабаев Сұлтанəлі //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 115-116 б.

  Балғабаев Сұлтанəлі //Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Басред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 156 б.

  Байдрахманұлы Д. Сұлтанəлі Балғабаев: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 175б.

  Дəулетұлы А. Сұлтанəлі Балғабаев //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 93 б.

  Сарбалаев Б. Махаббат жыршысы: Қаламгер С.Балғабаевтың 50 жасқа толуына орай / Б.Сарбалаев //Сарбалаев Б. Көккесене.- Астана, 2009.- 192 -200 б.

  Əдiл Қ. Исi қазаққакерек адам: С.Балғабаев туралы // Заң газетi.- 2007.- 17 қаңтар (N7).- 4 б.

  Балғабаев С. "Заманның жүгi жоталарыңызда...": [Белгiлi жазушының 50 ж. толуына орай "Қазақ елi" газетiнiң бес сұрағына жауабы] // Қазақ Елi.- 1996.- 5 шiлде(N27).- 5 б.

  Балғабаев С. Көш көлікті болды: Жазушы С.Балғабаевпен сұхбат / С.Балғабаев; Сұхб. Ж.Қуанышбекқызы // Егемен Қазақстан.- 2011. - 19 қараша - 4б.

  Балғабаев С. Қазақ халқын сақтап қалатын - оның ана тілі: Жазушы, драматург С. Балғабаевпен сұхбат /Сұхб. Б.Қайратұлы // Астана хабары.-2007. - 3 қараша

  Балғабаев С. Мені қазақтың ұлт болып қалуы жиі алаңдатады: Белгілі жазушы, драматург С.Балғабаевпен сұхбат / Сұхб. Г.Бектасова // Түркістан.- 2006. - 2 қараша - 9б.

  Балғабаев С. Сырдың сыршыл перзенті: Ақын-жазушы, драматург С.Балғабаев 60 жаста / С.Балғабаев. // Сыр бойы.- 2006.-2 желтоқсан.

  Ерімбетов Б. Тақырыбы –туған жер: С.Балғабаевтың«Алтын сағым»кітабы жайлы //Жалын. – 1980. - №3. – 155-157 б.

  Иманғали М. "Ғашықсыз ғасыр": Қозы мен Баяны жоқ заман туралы баян елдiң ерекше ықыласына бөлендi:Жазушы-драматург С.Балғабаевтың"Ғашықсыз ғасыр" атты лирикалық пьесасы туралы //Жас Қазақ.- 2008. - 29 ақпан (№ 8).- 8 б.

  Қырғызбай Ө. Адам ар алдында жауап береді: Драматург-жазушы С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елес» атты лирикалық драмасы туралы //Алматы ақшамы. – 2008. – 18 наурыз. – 11 б.

  Махаббат жыршысы: Жазушы, драматург Сұлтанəлi Балғабаевтың 60 жасқа толуына орай шығармашылығы жайлы // Қазақ Елi.- 2006.- 29 қараша.- 6-7 б.

  Мұқай Б. Мөлдiр мұң: Жазушы, драматург Сұлтанəлi Балғабаев туралы //Егемен Қазақстан.- 2006.- 5 қазан (N239).- 4 б.

  Сарбалаұлы Б. Махаббат жыршысы: ЖазушыС.Балғабаев 50 жаста //Сыр бойы. – 1996. – 19 қараша

  Сəпиев О. Қалам ұшындағы қайраткерлiк : Сыр перзентi, жазушы Сұлтанəлi Балғабаевтың творчествосы туралы // Сыр бойы.- 2007. - 14 ақпан. - 2 б.

  Сұлтанəлi Балғабаев 60 жаста //Сыр бойы.- 2006. - 2 желт. - 3 б.

  Төлеубай Е.Көрерменi көп драматург бақытты: Жазушы-драматург Сұлтанəлi Балғабаев - 60 жаста // Алматы ақшамы.- 2006. - 7 қараша (№128).- 6-7 б.

  Ыбырайымов Б. Ізгілікті іздегендер: С.Балғабаевтың «Құм мен қызғалдақ» жинағы туралы //Қазақ əдебиеті. – 1982. – 2 июль


 

20 апрель 2015 г. 17:39
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: