ДӘУРЕНБЕКОВ ЖАҚАУ

     1946 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сарбасат ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөл елді  мекенінде туған. Сексеуіл стансасындағы №423 орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Арал қаласындағы №177  мектепте аға пионер вожатый болып бастаған. 1965 жылы Арал аудандық «Толқын» газетінде әдеби қызметкер  болып істеген.

     Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1971 жылы бітірген. Оқып жүріп 1970 жылдан  бастап «Жас Алашта» (бұрынғы «Лениншіл жас») жұмыс істей бастаған. Жастар газетінде әдеби қызметкер, аға  әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, «Өнер» баспасында бөлім меңгеруші, Бас редактордың  орынбасары болып істеген. 1994 жылдан бері республикалық «Ана тілі» баспасының директоры.

     Мектеп қабырғасында жүрген кезден газетжурналдарда мақала, очерк, әңгімелері үзбей жарияланып тұрған.  Алғашқы жинағы «Бөгенауыл балалары» кітабы 1970 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Одан кейін  «№28 комсомол билеті» (1978), «Шұғыла шақ» (1980), «Ауылым – алтын бесігім» (1985), «Алғашқы сабақ»  (1971), «Саяқ» (1979), «Күн ұясы» (1984), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім – Қазақстан» (2001), «Ойдауа» (2007), «Жағалау» (2007), Шығармаларының үш томдығы (2006–2008), «Шағала» (2008) атты кітаптары шықты. «Күн ұясы», «Саяқ» («Соғыс ойыны») повестері «Жалынның» дәстүрлі республикалық жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Сөз киесі» (1996) кітабы толғамдық зерделеу сипатында жазылған.

     Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002–2007 жж.). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған. Бірнеше дүркін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

 

Əдебиеттер:


  Дəуренбеков Ж. 28 комсомол билеті: (Өрендер жайлы музей  мұралары шерткен сыр) / Ж.Дəуренбеков. - Алматы: Жалын, 1978.- 144 б.

  Дəуренбеков Ж. Айтыңыз құтты болсын! / Ж.Дəуренбеков.- Алматы: Өнер, 1993.- 48 б.

  Дəуренбеков Ж. Ата жұрт: Хикая-əңгімелер жəне повестер. – Астана: Фолиант, 2009. – 368 б. – (Сырдария кітапханасы)

  Дəуренбеков Ж. Ауылым- алтын бесігім / Ж.Дəуренбеков.- Алматы: Қайнар, 1985.- 192 б.

  Дəуренбеков Ж. Бір нəзік сəуле: Əңгімелер мен повестер / Ж.Дəуренбеков.- Алматы: Жалын, 1989.- 288 б.

 Дəуренбеков Ж. Жағалау: Повестер мен əңгімелер. – Алматы: Ана тілі, 2007. – 224 б. Дəуренбеков Ж. Менің Қазақстаным /Ж.Дəуренбеков.-Алматы:Ана тілі, 2001.- 39б. Дəуренбеков Ж. Сөз киесі / Ж.Дəуренбеков.-Алматы: Ана тілі, 1996.- 304 б.

  Дəуренбеков Ж. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Ана тілі, 2006.

  Дəуренбеков Ж. Шұғылалы шақ: Очерктер / Ж.Дəуренбеков.- Алматы: Жалын, 1980.- 140 б.

***

  Дəуренбеков Жақау //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 155 б.

  Дəуренбеков Жақау //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 121 б.

  Дəуренбеков Жақау //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 97б.

  Абылаев Т. "Үшкөлден" ұшқан түлек: Жазушы Жақау Дəуренбеков - 60 жаста // Толқын.- 2006.-15 шілде

  Ақбаев Б. Журналистиканың жалаугерi: [Жазушы Ж.Дəуренбеков туралы] // Қазақстан мұғалiмi.- 1996.- 8 мамыр (N12).-7 б.

  Əбдiлдаұлы О. Сөз киесi: [Жазушы-журналист Жақау Дəуренбековтiң "Сөз киесi" атты кiтабы туралы] // Заман-Қазақстан.- 1998. - 24 сəуiр (N18). - 13 б.

  Əбдiлдаұлы О. Тұла-бойы тұнғансезiм: [Журналист-жазушы Ж.Дəуренбеков туралы] // Жас Алаш.- 1996.-24 ақпан

  Елшiбек Ж. Телағыс: ҚаламгерЖ.Дəуренбеков туралы // Алматы ақшамы.-2006. - 27 шiлде (N87).- 8-9 б.

  Елшiбеков Ж. Ақ толқын: [Жазушы Жақау Дəуренбеков 50 жаста] // Қазақ əдебиетi.- 1996.-27 ақпан (N9).-13 б.

  Қожахметова М. Сөз иесі: Жазушы Жақау Дəуренбековтің шығармашылық қыры хақында / М.Қожахметова // Түркістан.- 2006. - 9 қараша (N45).- 10 б.

  Құрманғали Қ. Мансап мадаққа тоймайды: Жазушы Ж.Дəуренбековтың "Ойдауа" кiтабы жайлы // Түркiстан.- 2010. - 18 наурыз (№ 11). - 10 б.

  Мархабаев А-Х. Толғанысқа түсiрдi...: [1997 ж. "Ана тiлi" басп. жарыққа шыққан Ж.Дəуренбековтiң "Сөз киесi" атты ой-толғақ, эсселер жинағы туралы] // Қазақ əдебиетi.- 1998.- 20 қараша (N46).- 15 б.

  Мұқай Б. Тал түс: Қаламгер Жақау Дəуренбеков туралы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 28 маусым (N147/150).- 8 б.

  Уайдин У. Ой. Ой. Ой: жазушы Жақау Дəуренбековтің "Ойдауа" атты кітабы туралы / У.Уайдин // Алматы ақшамы.- 2007. - 5 маусым


 

20 апрель 2015 г. 18:20
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: