ЕСМӘМБЕТОВ ӘЛИ

     Әли Есмамбетов 15 қыркүйек 1914 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Әли жетіжылдық білімді Қазалы  қаласында алады. 1932 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік институтында оқиды. Мұнда тіл-әдебиет  факультетінде оқып жүріп өлең жаза бастайды. 1936 жылы институтты бітіріп, әскер қатарына шақырылып екі  жылдан кейін офицер болып оралады.

     1938 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болумен қатар Қазақстан Жазушылар  одағының жастар секциясын басқарады. Сол жылы «Өлеңдер» деген атпен тұңғыш жинағы шығады.

 1939-1940 жылдары «Октябрь балалары», «Ұлан», «Лениншіл жас» газеттерінде қызмет атқарды.

 Соғыстың алғашқы күндерінен алғы шепке аттанған Әли майданда саяси қызметте болады. 1942 жылдың  көктемінде ерлікпен қаза табады.

     Әдебиетте 7-8 жыл ғана еңбектенген ақын көптеген лирикалық жырларын, «Шолпан» атты поэмасын мұра  етіп қалдырған. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, В.В.Маяковскийдің, С.Стальскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Әлидің толық жинағы «Жырлап өткен өмірді» деген атпен (құрастырған ақынның қарындасы Раушан Толыбекова) 1969 жылы шықты. 2008 жылы «Сырдария кітапханасының» құрамында майдангер ақын Ә.Есмамбетов пен майдангер жазушы Ә.Тоқмағамбетовтің шығармалар жинағы жарық көрді.

 

Əдебиеттер:


  Есмамбетов Ə. Жырлап өткен өмірді. – Алматы: Жазушы, 1969. – 144 б.

 Есмамбетов Ə. Шығармалары / Ə.Есмамбетов, Ə.Тоқмағамбетов; Жауапты ред. Б.Кəрбозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 344 б.- (Сырдария кітапханасы)

***

  Есмəмбетов Əли //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 193 б.

  Есмəмбетов Əли //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 148 б.

  Есмəмбетов Əли //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 118 б.

  Есмəмбетов Əли //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 218 б.

  Есмəмбетов Əли // Сыр елі.  Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 208 б.

  Есмəмбетов Əли //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 207 б.

  Əбілов Д. «Сөзімді болашақ жас оқып көрсе»: Ақын Ə.Есмамбетов жайлы естелік жəне бір топ өлеңдері жарияланған //Ленин жолы. – 1985. – 6 июнь

  Мұқашев М. Боздақ ағасын əлi күтiп жүр: Ақын Ə.Есмамбетов туралы қарындасы Р.Толыбекова-Алтайбаеваның əңгiмесiнен //Қазақ əдебиетi.- 2010.- 7-13 мамыр (№18).- 11б.

  Сағындықұлы Б. Патриот ақын: "Октябрь балалары" газетінің 1940-41 жж. редакторы болған Əли Есмамбетов туралы естелік //Ұлан.- 2010. – 9 наурыз. - 13 бет


21 апрель 2015 г. 09:55
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: