ЖҰМАБАЕВ ӘБІЛМӘЖІН

    1929 жылы 22 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. 1950 жылы ҚазМУ-дің  журналистика факультетін бітірген. Қаламгерлік еңбек жолын 1950 жылы «Социалистік Қазақстан» («Егемен  Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Кейін осы газеттің бөлім меңгерушісі болып қызмет  атқарған. 1960–1963 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының жауапты хатшысы, «Жұлдыз» журналы бас  редакторының орынбасары, 1964–1971 жж. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінде жауапты  қызметкер, 1970–1984 жж. «Жазушы» баспасының директоры, республикалық Кітап палатасының директоры  болып істеді.

     Ә.Жұмабаев орыс және шет ел жазушыларының таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударуға елеулі үлес  қосты. Л.Толстой, И.Тургенев, Дж.Лондон, М.Горькийдің әңгіме, повестерін аударған. К.Паустовскийдің «Телегей  тасқын» (1966), «Түнделеткен күйме» (1984), А.Гриннің «Алқызыл желкендер» (1976), М.Ридтің «Жұмбақ  салтатты» (1972), А.Дюманың «Үш ноян» (1979), Ж.Сименонның «Мегрэ және ұрылар» (1974), т.б шығармаларын  қазақ тіліне аударған.

    «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет  қызметкері. Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының бірнеше мәрте иегері.
 

Əдебиеттер:


  Жұмабаев Əбілмəжін //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 226 б.

  Жұмабаев Əбілмəжін//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002.- Т.4. – 68 б.

  Жұмабаев Əбілмəжін //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. Алматы: Ан Арыс, 2009. –169 б

  Жұмабаев Əбілмəжін //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 134 б. 

  Жұмабаев Əбілмəжін //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 252-253 б.

  Жұмабаев Əбілмəжін // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 243 бет

  Жұмабаев Əбілмəжін //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. Алматы: Арыс, 2009. – 126 б.

  Адырбекұлы К. Көзінде нұр, кеудесінде кемпірқосақ: Танымал жазушы Ə.Жұмабаевтың «Кездесулер күнделігінен» кітабын оқығанда

//Түркістан. – 2003. – 30 қазан (44). – 6 б.

  Ергөбек Қ.Кісілікке бергісіз кішілік: Аудармашы Ə.Жұмабаев туралы //Түркістан. – 2009. – 14 мамыр

  Жұмағалиев Қ. Хас шебер: Журналист, аудармашы Əбілмəжін Жұмабаев туралы / Қ.Жұмағалиев // Егемен Қазақстан.- 2009.-20 наурыз.- 5 б. 

  Мұхамеджанов Қ.М. Дос туралы бiр ауыз сөз: [Аудармашы Ə.Жұмабаев 60 жаста] // Қазақ əдебиетi.- 1989.- 24 март 

  Оспан С. Ардақ тұтар тектi тұлға: [Аудармашы-жазушы Əбiлмəжiн Жұмабаев туралы] // Алматы ақшамы.- 1999.- 26 наурыз

  Оспанов С. Аударма сынды азапты өнердің ардагері: Əбілмəжін Жұмабаев /С.Оспанов // Қазақ əдебиеті.- 2009.-20 наурыз.- 10 б.

  Рысдəулетов М. "Темiрдi сығып суын iшкендеймiн...": [Техника саласындағы өнертапқыш Ə.Жұмабаев туралы] // Халық кеңесi. - 1995. - 14 қыркүйек 

  Сəдібекұлы А. Көркем сөздің бейнетін белден кешкен: Жазушы-аудармашы Ə.Жұмабаевтың 80 жылдығына арналған / А.Сəдібекұлы // Ақмешіт апталығы. - 2009. - 3 қыркүйек. - 4 б.

  Сəдібекұлы А. Талантымен танылған тұлға //Сыр бойы. – 2009. – 29 қырк.


22 апрель 2015 г. 13:13
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: