ҚОҢЫРАТБАЙҰЛЫ ҚАЛЖАН

    Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Шиелі болысына қарасты Кердері елді мекенінде туған. Қоғам қайраткері, ағартушы, фольклортанушы, публицист, заңгер, 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеушілердің бірі. Жасында ескіше хат танып, Түркістан маңындағы Қарнақ медресесін,  Түзем орыс мектебін бітірген. 1914–1915 жж. Кердері жерінен мектеп ашып, оқулық бастырып, ауыл балаларын оқытқан. 
    20 жылдары Ә.Диваевпен бірге Сырдария, Жетісу өлкелеріне фольклорлық экспедициялар ұйымдастырған. Шиелі болыстық кеңесінің екі дүркін депутаты, халық ағарту комиссариаты мектеп бөлімінің меңгерушісі болған. 1923-1924 жж. Ақмешіт уездік 11-12-съездерінің делегаты, ағарту комитетінің төралқа мүшесі, 1924 жылы Түркістан ОАК-нің 12-съезіне Сырдария губерниясынан делегат, 1925 жылы Кеңестердің 5-съезінде ҚазОАК мүшесі болып сайланған. 1924-1926 жж. Ақмешіт уезі 3-бөлімшесінің халық соты. Қазақ төңкерісіне дейін «Қазақ», «Айқап» басылымдарының Сырдария губерниясындағы арнаулы тілшісі болған. Осы басылымдардың бетінде Шиелі өңірінің тарихы, Тұрғанбай датқа ұрпағы, т.б. туралы оқу-ағарту рухындағы мақалалары жарияланған. Мәскеуде шығатын «Иль», «Уақыт», «Тәржіман» газеттерін Сыр еліне алдырып тұрған. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, С.Қожановтармен тығыз араласып, 1917 жылы 5 қаңтарда Түркістанда өткен Сырдария алашордасының съезінде сөз сөйлеген. 
      1930 жылдары «Қой туралы», «Түйе тұқымын асылдандыру» туралы кітапшалары жарық көрген. Республикалық, уездік басылым беттерінде әліпби, күріш егісіне байланысты мақалалары жарияланған. 
      1937 жылы 30 желтоқсанда «алашордашыл» ретінде ұсталып, Хабаровск өлкесіндегі №22 Амурлагте қайтыс болған. 1956 жылы азаматтық, 1993 жылы саяси тұрғыдан толық ақталған. 
 
 

Əдебиеттер:


 Қоңыратбаев Қ. Шығармалары: Хикаяттар, мақалалар, өлеңдер, естеліктер / Қ.Қоңыратбаев, Ə.Қоңыратбаев; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 472 б.- (Сырдария кітапханасы)

 Қоңыратбаев Қалжан Қоңыратбайұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 332б.

 Қоңыратбаев Қалжан Қоңыратбайұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004.- Т.6. – 41б.

 Қоңыратбайұлы Қалжан //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 240 б.

 Қоңыратбайұлы Қалжан //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 189б. 

 Қоңыратбаев Қалжан //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 319б.

 Дəулетұлы А. Əулет пен нəубет:Қалжан, Əуелбек, Əлібек Қоңыратбаевтар жайлы //Таңдамалы топтама – 2008. – Қызылорда: Игілік, 2008. – 98-105 б.

 Дəулетұлы А. Үш арыс: Қалжан, Əуелбек, Əлібек Қоңыратбаевтар жайлы //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда,2010. – 62-67 б.

 Бəкірұлы Ə. Ағайынды Қоңыратбаевтар: Қалжан Қоңыратбаев, Əуелбек Қоңыратбаев, Əлібек Қоңыратбаев / Ə.Бəкірұлы. // Егемен Қазақстан.- 2005.- 15 шілде

 Қоңыратбай Т. Ағайынды ағартушылар / Т.Қоңыратбай. - Алматы: МерСал, 2004.- 164 б.

 Қоңыратбай Т. Қаламгер, сот, қайраткер: [Қ.Қоңыратбаев (1877-1940 ж.ж. ) туралы] // Қазақ Елi.- 1997.- 7 наурыз(N 9). - 4 б.

 Қоңыратбаев Т. Қапыда кеткен қайраткер: Ағартушы,журналист əрi қоғам қайраткерi Қалжан Қоңыратбаевтың тағдыры туралы // Ақиқат. - 1995.- N 1.- 29-36 б.


22 апрель 2015 г. 18:52
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: