РҮСТЕМОВ МҰХАМЕДЖАН

       1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Н.Бекежанов ауылында дүниеге келген. Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1959). Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі болып бастаған. 1951-52 жылдары аудандық комсомол комитетінде екінші хатшы. 1952-53 жылдары Ташкент қаласындағы педагогикалық сыныпты бітірген соң Қаратас ауданында мұғалім, аудандық комсомол комитетінің хатшысы болды. 1968-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінде нұсқаушы, партия комитетінің мұрағатына меңгеруші, кейін облыстық балалар қоры төрағасының орынбасары, Халықаралық «Қазақ тілі» облыстық қоғамының төрағасы, 1997 ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті қызметтерін атқарған.

       М.Рүстемовтің «Табиғат ғажайыптары» (1986), «Советы на каждый день» (1988), «Кәдеге жарайтын кеңестер» (1993), «Атақты адамдардың өмірінен» (1992), «Дәстүріңді сақтай біл», «Халық мұрасы» (1993), «Созақ қасіреті» (1993), «Таңдамалы өсиет термелер» (1995) кітаптары, «Өмір гүлі» (1979), «Ақ босаға» (1992) атты әндер жинағы жарық көрген. М.Рүстемов - 50-ден аса әннің авторы. Олардың ішінде белгілілері: "Қимаймын", "Ақ халатты абзал жандар", "Сағыныш", "Айтолқын", "Ақ босаға", "Армысың бауырларым алыстағы" және тағы басқалары. Рүстемов ақын және композитор Нартай Бекежановтың шығармашылығын зерттеуші ретінде белгілі, ол 1983 жылы «Нартай» атты құжатты повесть жазды, "Нартай" әуендері, Н. Бекежановтың музыкалық және поэтикалық мұрасы туралы "Терме" телехабарлар сериясын ұйымдастырды. Рүстемов сондай-ақ, Нартай шығармаларын үздік орындаушы ретінде де көпке танымал. Бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Əдебиеттер


  Рүстемов М. Ақ босаға / М.Рүстемов.- Алматы:Қазақстан, 1992.- 16 бет.

 Рүстемов М. Нартай: Деректі повесть / М.Рүстемов.- Алматы: Жалын,1983.- 156 бет. Рүстемов М. Нартай: Деректі повесть /М.Рүстемов.- Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу орталығы,1990.- 349 бет.

  Рүстемов М. Өмір гүлі: Əндер / М.Рүстемов.- Алматы: Жалын, 1979.- 46 бет.

  Байдрахманұлы Д. Мұхамеджан Рүстемов: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап:Отан деп соққан жүректер. – 156-157 б.

  Дəулетұлы А. Мұхамеджан Рүстемов //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 103 б.

  Рүстемов Мұхамеджан //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы:«Аруна», 2005.- 446 б

  Рүстемов Мұхамеджан //Қазақстан жазушылары / Құраст.С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 331 б.

  Рүстемов Мұхамеджан //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст.Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 259 б.

  Рүстемов Мұхамеджан // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред.Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 428 б.

  Рүстемов Мұхамеджан //Ата мекен / Құраст. М.Аяпұлы, Н.Қасымұлы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 176 б.

  Бейнесі жадымызда мəңгі сақталады: Қаламгер, композитор Мұхамеджан Рүстемов өмірден озды //Өскен өңір.- 2010.-17 қыркүйек

  Қырғызбай Ө.Кебiн киiп, кеудесiн оққа тосқандар: Жазушы, сазгер Мұхаметжан Рүстемов жайында // Алматы ақшамы.- 2010. - 9 ақпан (№16). - 26-27 б.

  Мұхамеджан Рүстемов:қазанама // Қазақ əдебиетi.- 2010. - 2-8 шiлде (№26). - 12 б.


 

23 апрель 2015 г. 14:19
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: