САРИЕВ ШӨМІШБАЙ

 

   1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған. Ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970—1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, 1974-1996 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҮҒА-ның М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 
       Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған.
     1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Кейін замандас келбеті жайлы, табиғат, бейбітшілік, адам, өмір, заман туралы әлеуметтік, азаматтық ой толғайтын «Арайлы көктем» (1975), «Теңізден соққан жел» (1975), «Тағдыр» (1976), «Заула, тұлпар» (1979), «Өң мен түс» (1980), «Үш өлшем» (1982), «Біздің ғасыр» (1989), «Сағынышым – теңіз» (1994) атты жыр жинақтары бар. «Сәлем саған, туған ел», «Қарағым-ай», «Аралдан ұшқан аққулар», «Сарыарқа», «Жер-Ана», «Бозжорға», т.б. көптеген ән мәтіндерінің авторы.
        Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдері қазақ тіліне аударған. Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003). «Тарлан» сыйлығының иегері (2004). 
 
 

Əдебиеттер


 Сариев Ш. Арайлы көктем:Творчестволық портреттер. – Алматы: Қазақстан, 1974. – 104 б.

 Сариев Ш. Екі томдық шығармалар жинағы / Ш.Сариев.- Астана: Елорда, 2006

 Сариев Ш. Өң мен түс: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1980. – 62 б. Сариев Ш. Тағдыр жыры: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1984. – 96 б.

 Сариев Ш. Теңізден соққан жел: Өлеңдер мен поэма. – Алматы: Жазушы,1975. – 59 б. Сариев Ш. Шөл даланың ұлымын... / Ш.Сариев.-Алматы: Қайнар, 2008.- 208 б.

 Сариев Ш. Шығармалары: Екі томдық / Ш.Сариев; Жауапты ред. Б. Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- (Сырдария кітапханасы)

 Сариев Ш.Н. 60-70-ші жылдардағы қазақ лирикасы.Көркемдік ізденістер: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / Ш.Н.Сариев.- Алматы, 1993.- 34 б.

 Сариев Шөмішбай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 456 б.

 Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005.- Т.7. – 557б.

 Сариев Шөмішбай//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 341 б.

 Сариев Шөмішбай //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 266-267 б.

 Сариев Шөмішбай // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 528 б.

 Сариев Шөмішбай // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 434 б.

 Қирабаев С. Күнмен бірге тіршілікті оятып..: Ақын Ш.Сариевтің шығармашылығы туралы //Қирабаев С. Əдебиетті қайта оқу:  Əдебиеттік зерттеулер мен мақалалар. – Алматы, 2010. – 257-275 б.

 Мəуленов С.Ниет пен нəтиже: Жас ақындар Ш.Сариев,Ұ.Есдəулет, т.б. //Мəуленов С. Сыр мен жыр:Туған əдебиет туралы ойлар. – Алматы: Жалын,1991. – 54-65 б.

 Əбдікəрімов С. «...Атым өлмес өлеңде тарихпын...»: Ақын Ш.Сариев туралы эссе //Алматы ақшамы. - 1999.- 6 қыркүйек; Дала. – 2005. - №2-3. – 18-21 б.

 Ақыш Н. Шөл жəне күрескерлік рух: Ақын Ш.Сариевтің "Шөл даланың ұлымын" жыр жинағы туралы. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған шығарма / Н.Ақыш // Егемен Қазақстан. - 2010. - 22 қыркүйек. - 6 б.

 Аманжол Қ. Шөмiшбай ақынныңəн кешi // Егемен Қазақстан.- 2011. - 25 қазан.- 14 б.

 Аралдан шыққан Шөмішбай: Ақын Ш.Сəриевке"Арал ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді //Қазақ əдебиеті. - 2007. - 2 қараша. – 2 б.

 Дүйсенбайұлы Е. Шөмішбай Сариевке: Достық əзіл. Өлең / Е.Дүйсенбайұлы // Қазақ əдебиеті. - 2008. - 23 мамыр. -16 б.

 Есжанов Т.Əуенін ала туған өлеңдер: Ақын Ш.Сариев туралы бүр үзік сыр //Сыр бойы. – 1999. – 24 тамыз

 Есжанов Т. Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан немесе Шөмішбай ақын жайлы бір үзік сыр: Ақын, сазгер Шөмішбай Сариевжайлы / Т.Есжанов // Ақмешітапталығы. - 2011. - 13 қазан. - 6 б.

 Жеменей И.Шырқайтын аспан көңiл-көк...:Ш.Сариевтiң "Шөл даланың ұлымын..." атты жинағы жайында //Қазақ əдебиетi.- 2010. - 24-30 қыркүйек (№37). - 11 б.

 Иран-Ғайып. Досым Шөмішбайға:Арнау өлең / Иран-Ғайып // Жас Алаш.- 2009.-7 мамыр.-5 б.

 Қабышұлы Ғ.Ақын інім, ақылың бар еді ғой!...: Ш.Сариевке əзіл хат //Егемен Қазақстан. – 1997. – 1 ақпан

 Қирабаев С. Күнмен бірге тіршілікті оятып..: Ақын Ш.Сариевтің шығармашылығы туралы / С.Қирабаев // Қазақ əдебиеті.- 2010.-12 ақпан

 Орда Г.Мен халқымның жүрегiмен жырладым" //Айқын.- 2010.- 9 қыркүйек (№165).- 28 б.

 Рəш М. Жайсаң ақын:өлең //Ана тiлi.- 2011. - 3 - 9 қараша (№44). - 12 б.

 Сапарбай И. Арал мен ақын: Ш.Сариев 50 жаста //Қазақ əдебиеті. – 1996. – 16 көкек (№16). – 13 б.

 Сариев Ш. "Боз жорғадай " болса егер"...: [Ақынның өзi туралы əңгiмесi] / Əңг. Т.Алдабергенқызы //Түркiстан.- 2001.- 12 қаңтар

 Сариев Ш. "...Күнге қарай жүремін": Ақын Ш.Сариевпен сұхбат / Ш.Сариев; Сұхб. К.Əмір-Бек //Қазақ əдебиеті. - 2006.- 14-20 сəуір (N15).- 10-11б.

 Сариева Ш. «Дастархан» баршаңызға базарлық: Ш.Сариевтің «Дастархан» атты еңбегі жайлы //Лениншіл жас. – 1974. – 13 дек.

 Тəшенов Т.Жолы болғыш «жорға» ақын: Ш.Сариев жəне «Бозжорға» əні //Айқын. – 2008. – 2 тамыз. – 8 б.

 Тəшенов Т. "На-На", "Бозжорға" жəне Шөмішбай: "Бозжорға əнінің тарихы /Т.Тəшенов // Айқын.- 2007. - 29 мамыр. – 8б.

 Тəшенов Т. Шөмішбайдың қос қуанышы: Патриоттық əндерконкурсынан Ш.Сариевтің екі əн өлеңі жүлделі орынға ие болды / Т.Тəшенов // Айқын. - 2007. – 11 желтоқсан. - 5б.

 Төлебаев Д. "Айналдым сенен, атамекен-ай": Ақын Ш.Сариевтiң 65 жасқа толуына арналған əн-кешi туралы //Ана тiлi.- 2011. - 27 қазан - 2 қараша (№43). - 12 б.

 Тұрғынбекұлы С. Шағалалы шалқар: Ақын Ш.Сариев туралы //Егемен Қазақстан. – 1996. – 27 сəуір

 Шыныбеков Ж. Шөмiшбайдың арманы //Алматы ақшамы.- 2008. - 13 қараша (№129). - 25 б.

 



 

23 сәуір 2015 ж. 14:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: