САРЫБАЙҰЛЫ ТЕМІРШЕ

 

     Темірше Сарыбайұлы   1941 жылы  Қызылорда облысы Жалағаш  ауданы  Мырзабай ахун  аулында дүниеге келген.  Ақын. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының филология факультетін бітірген (1968). 
   1968-1972 жылдары Жалағаш ауданындағы "Жаңадария", 1972-1976 жылдары Сырдария ауданындағы "Сырдария" газеттерінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 
      1982 жылы Қызылорда облыстық сырттай оқу мектебінде методист, 1982-1989 жылдары Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор, 1994-1996 жылдары "Заман-Қазақстан" республикалық газетінде,  халық шығармашылық үйінде, Қазақстан  Жазушылар  одағы  жанындағы   әдеби   қорда  сектор  меңгерушісі, 2000-2005 жылдары «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2011 жылға дейін «Маматай» баспасында редактор қызметін атқарды. «Дәрия-дәурен» атты жыр жинағы 2001 жылы жарық көрді. Республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. 
 
 

Əдебиеттер


  Сарыбаев Т. Мазалай бер, махаббат: Өлеңдер /Т.Сарыбаев.- Алматы: Жазушы, 2008.- 160 б.- (Қазіргі қазақ поэзиясы)

  Сарыбайұлы Т. Мамырстан: Өлеңдер мен əңгіме-ертегілер / Т.Сарыбайұлы; Жауапты ред.Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.-312 б.- (Сырдария кітапханасы)

  Сарыбайұлы Темірше //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 457 б

  Сарыбайұлы Темірше //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы:Ан Арыс, 2009. – 342 б.

  Сарыбайұлы Темірше //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 267 б.

  Сарыбайұлы Темірше // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 436 б.

  Дайрабай Т.Темірше Сарыбаев //Дайрабай Т. Сыр перзенттері. – Алматы: Арыс, 2010. – 188-189 б.

  Кіребайұлы А. Асыл жырдың адал перзенті: Ақын Т.Сарыбайұлы 60 жаста //Кəсіпкер. – 2001. – 13 сəуір (№7). – 4 б.

  Ниязбеков Р. Аламанға ат емес, атан қосқан: Ақын Темірше Сарыбайұлы жайлы / Р.Ниязбеков // Қазақ əдебиеті.- 2012. - 10 ақпан. - 10 б.

 Сақтапбергенұлы Н. Алыптар тобын қалай сағынып жүрміз!?: Ақын Темірші Сарыбаев туралы /Н.Сақтапбергенұлы // Ақмешіт апталығы.- 2010.-12 тамыз

  Сарыбайұлы Темірше:Қазанама //Сыр бойы. – 2013. – 4 қаңтар

  Сауяев Н.Туған жерге кетуге бел байлап отыр: Қызылордада ақын Темiрше Сарыбайұлының мерейтойы өттi // Жас Алаш.- 2011. - 6 желтоқсан (№97). - 3 б.

  Тебегенов Т. Ғарыштық кеңістік жырлары: Ақын Темірше Сарыбайұлының жырлары жайлы / Т.Тебегенов //Сыр бойы.- 2011. - 19 қараша. - 10 б.



 

23 апрель 2015 г. 14:30
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: