СЕРӘЛИЕВ НӘСІРЕДДИН

     1930 жылы 25 қазанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Қашқансу елді мекенінде дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық училищесін, педагогикалық институттың (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін бітірген (1952). 1952-1958 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде, «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істеген.

     1962-1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде кеңесші, ал 1968 жылдан осы бөлімшенің жауапты хатшысы болды.

       И.Котляровскийдің, А.Гайдардың, С.Баруздиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Еңлікгүл» көркем фильмі сценарийінің авторы. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

     Н.Серәлиев отыз жыл бойы сырқат сарсаңымен алыса жүріп, талмастан қалам тербеді. Оның мейірімді жүрегінен туған көркем әңгімелері мен повестері қанаттас қаламгерлер қауымынан да, қалың оқырмандардан лайықты бағасын алып, дүркін-дүркін жарыққа шықты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Н. Сералиев қазақ балалар әдебиетінде өздері өмір сүрген кезеңнің шындығын көрсетіп, балалар мен жасөспірімдердің қайталанбас характерлерін жасаған жазушы.

      Н. Сералиев 1984 жылы қайтыс болды. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.
 
 
 

Əдебиеттер


   Серəлиев Н. Ақ қайың: Повестер мен əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1967. – 70 б. Сералиев Н. Екі томдық шығармалары / Н.Сералиев; Жауапты ред.Б.Кəрібозұлы.- Астана:Фолиант, 2009.- (Сырдария кітапханасы)

   Сералиев Н. Жаңбыр исі: Таңдамалы повестер /Н.Сералиев.- Алматы: Жазушы, 1980.- 408 бет.

   Сералиев Н. Зеңгір аспан: Повестер мен əңгімелер /Н.Сералиев.- Алматы: Жазушы, 1990.- 448 бет.

   Сералиев Н. Қаңтар: Повестер мен əңгімелер /Н.Сералиев.- Алматы: Жазушы, 1971.- 152 бет.

   Серəлиев Н. Ыстық күлше: Повестер. – Алматы: Жазушы, 1969. – 119 б.

   Серəлиев Нəсіреддин //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 472 б

   Серəлиев Нəсіреддин //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 358 б.

   Серəлиев Нəсіреддин //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 280 б.

   Серəлиев Нəсіреддин//Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 121 б.

   Серəлиев Нəсіреддин // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 447-448 б.

   Серəлиев Нəсіреддин // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 558-559 б.

   Тоқмағамбетов А. Інім Нəсірге: Н.Серəлиевке арналған өлең //ТоқмағамбетовА. Шығармалар жинағы. – Астана: Фолиант, 2009. – Т.1. – 100-101 б. – Сырдария кітапханасы)

   Байғұт М. Көркем жазу сабағы: Жазушы Нəсiреддин Сералиев туралы // Жалын.- 2011. - № 6. - 36-37 б.

   Байғұт М.Мəжнүнтал : [ Жазушы Н.Серəлиевтің еңбек жолы туралы ] // Қазақ əдебиеті. – 1997. – 11 наурыз (№10). – 6 б.

   Ергөбек Қ.Əдебиетте қалған iз // Жалын.- 2011. - № 6. - 14- 35 б.Есіркепұлы Қ. Жұмсақ жан еді // Сыр бойы. – 1995. – 22 қараша

   Жұмабаев Ə. Жомарт жүректі жазушы // Қазақ əдебиеті. – 1990. – 26 қазан. – 15 б. Исабеков Д.Жігіт шақ //Қазақ əдебиеті. – 1980. – 24 қазан.- 9 б.

   Мырзахметұлы Қ. Нəсіреддин неге атаусыз //Сыр бойы. – 2005. – 15 желт.Сапарғалиева С.Ш. Н.Сералиев "Кім болсам екен?: Сабақ сценарийі /С.Ш.Сапарғалиева //Бастауыш сыныпта оқыту.- 2010. - №2. - 19 б.

   Сапаров Д.Құтты қадам : [ Жазушы Н.Серəлиевтің«Ұштамаған карандаш» атты балаларға арналған жинағына талдау ] //Ленин жолы. – 1960. – 5 қаңтар

   Сəдібекұлы А. Есте мəңгі қалсын деп: Жазушы Н.Серəлиевтің 80 жылдығына /А.Сəдібекұлы //Сыр бойы.- 2010.-19 қазан

   Сəдібеков А., Жарылқасынов Р. Жазушының туған жерінде //Ленин жолы. – 1990. – 6 желт.

   Сəрсенбаев О. Жастық жыршысы //Ленин жолы. – 1980. – 28 окт.; Самала.- 2010. – 27 қараша. - 4 - 5 б.

   Сəрсенбай О. Жастық жыршысы // Жас Алаш.- 2010. - 26 қазан (№85). - 5 б.

   Сəрсенбаев О. Сыршылдық жақсы, шыншылдық қымбат: Жазушы Н.Серəлиевтің шығармашалығы туралы //Қазақ əдебиеті. – 1981. – 9 окт.

   Сүйеніш Қ.Е.Жұмбақ жан еді //Сыр бойы. – 1995. – 22 қараша

   Сүйенішев Қ.Жаны да, жазуы да нəзік еді //Ленин жолы. – 1990. – 31 қазан Сүйеніш Қ. «Жанымды жамандарша баға алмаспын...»: Жазушы Н.Сералиев туралы /Парасат. – 1996. - №8. – 20-21 б.

   Сыр бойы перзентін еске алды //Қазақ əдебиеті. – 1990. – 14 желт. – 11 бет. Шымкентте көше аты берілді:Н.Серəлиевтің 80 жылдығына орай //Сыр ардагері.- 2010. - 3 қараша


23 апрель 2015 г. 14:58
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: