ШОПАШЕВ ТІЛЕГЕН

    1922 жылы 2 шілдеде Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1953). 1934–1936 жж. Шиелі балалар үйінде тәрбиеленген. 1940 жылдан бастап жұмысқа араласқан. Артель басқармасының хатшысы, байланыс бөлімінің меңгерушісі, ауыл кеңесінің хатшысы болған. 1942–1945 жж. Кеңес Армиясы қатарында болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
     1945-1951 жж. аудандық, облыстық газет редакцияларында, 1953-1954 жж. Қызылорда облыстық партия комитетінде, 1954-1957 жж. Сырдария аудандық газетінде редактор, 1958-1964 жж. «Жазушы» баспасында аға редактор қызметтерін атқарған.  
      Шығармалары 1956 жылдан жариялана бастаған. Оның «Жаңбыр» (1957), «Өмірге сапар» (1959), «Жүрек әмірімен» (1960), «Кейбіреу» (1961), «Бәйтерек» (1971), «Көңіл көктемі» (1973), «Сұлутөбе» (1976), т.б. өлеңдер жинағы жарық көрген.
        Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
 
 

Əдебиеттер


   Шопашев Т. Бəйтерек: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 78 б.

   Шопашев Т. Жаңбыр. – Алматы: Қазмемкөркемəдеббас, 1957. – 74 б.

   Шопашев Т. Жүрек əмірімен: Поэма мен өлеңдер. – Алматы: Қазмемкөркемəдеббас, 1960. – 114 б.

   Шопашев Т. Көңіл көктемі: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1973. – 87 б. Шопашев Т. Қазоты: Өлеңдер /Т.Шопашев.- Алматы: Жазушы, 1969.- 76 бет.

   Шопашев Т. Қызғалдақ: Балаларға арналған өлеңдер /Т.Шопашев.- Алматы: Жалын, 1981.- 24 бет.

   Шопашев Т. Сұлу төбе:Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 95 б. Шопашев Т.Туған жер: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1966. – 75 б.

   Шопашев Тілеген //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 557 б

   Шопашев Тілеген//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 434 б.

   Шопашев Тілеген //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 342-343 б.

   Шопашев Тілеген// Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 702 б.

   Шопашев Тілеген // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 525-526 б.


24 сәуір 2015 ж. 09:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: