Байғара батыр

     Байғара Қожасұлы (туған жылы белгісіз – 3.11.1731, Арал теңізінің солтүстігі) – батыр. Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрескен. Әбілқайыр ханның Ресей қол астына ену туралы шешіміне бірқатар ру басылары келіспей, хан ордасы мен М.Тевкелев бастаған Ресей елшілігіне қарулы қарсылық көрсеткен. Баймұрат батыр бастаған қол 1731 ж. 22 қазанда елшілік пен хан ордасын қоршап, 15 жылқы барымталады. Сырлыбай Қожасұлы бастаған топтың хан ордасына қарсы күресі бір жылдан астам уақытқа созылады. Хан ордасы мен елшілік күзетінің осы топпен 1731 ж. 3 қарашада өткен қақтығысы кезінде Байғара оққа ұшқан. Байғара қазасының арты үлкен дауға айналып, қарсылық күшейе түсті. Байғараның Атабай, Жанкелді, Сарт есімді үш ұлы болған.


04 мамыр 2015 ж. 09:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: