Бидас батыр

     Бидас Батырды 1585-1590 жылдардың аралығында туған деген деректер бар. Бидас Батыр әлемге әйгілі софы, Шайхы Дулаттың немересі. 1645 жылы Тәукеханның әкесі Жәңгірхан мерт болып, бала жастағы Тәукені, мұрагерлік жолымен ұлы құрыптайды, Алашқа хан көтерді. Осы құрылтайда Тәуке хан ер жетіп, тізгін ұстағанша Алашты басқаратын, әрі Тәукені тәрбиелейтін, «регент» қазақша айтқанда Хан Ата сайланды.

     Бұл құрылтай, қазіргі Кентау қаласының іргесіндегі, «Хан тағы» деген жерде өткен. Халық қалауы Аталық болуға лайық кісілер: Қаракете Текей Батыр және Бидас Батырға түседі. Аталған екеу қанды көйлек достар болатын. Өйткені, бала күндерінен іргелері ажырамаған «Батыр бастас, Бай, қоныстас» деген кісілерден болған.

     Сондықтан құрылтайда Текей Батыр дауысқа түспей, жолын Бидасқа беріпті. Қан Ата болып сайланды. Бидастың басшы болғандағы ең әуелгі қабылдаған шешімдерінің бірі мемлекеттің қал-ахуалын, мәдениетін көтеру шараларын қадағалау болды. Кемеңгер Бидас Аталық қазақтың ордасын Үргеніш қаласына көшіріп қазақтың шекарасын Иранға дейін кеңейтті. Бидас аталық «Регент» болған соңы мемлекеттік басшылыққа көптеген жаңалық еңгізді.

     Кемеңгер Бидас Батыр Аталық көп жылдық мол тәжірибесін, әрі сопылық білімін, Тәуке ханға тәлім-тәрбие беруге жұмсады. Бидас тәрбиесінің нәтижесінде Тәуке хан кәмелетке жетіп, елді билеген кезінде көрінді. Тәуке ханның білімділігі, даналығына лайық болып Әз атағына ие болып, қазақтағы үш Әздің біріне айналды. Ал, оның осы дәрежеге жетуіне, әрине Батыр Бидастың оны өсіріп, ел басы етудегі үлкен тәрбие жұмыстары ықпал жасады.

     Қорыта келгенде Батыр Бидас қазақтан шыққан өз заманының биік парасатты, дархан данышпаны, ханға Аталық болған, (регент) ел басшыларының бірі.


04 май 2015 г. 09:40
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: