Жанғабыл батыр

     Жаңғабыл Төлегенұлы (шамамен 1805 - ө.ж.б) – батыр, би, Жаппас руының Қаракөз тармағынан. Әкесі жай шаруа адам болыпты. Жанғабыл 35 жасынан билікке араласқан. Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы күрескен. 1840 ж. Орынбор шекара комиссиясымен қарым-қатынас орнатқан. Райым бекінісін салуға көмектескен. 1844 ж. зауряд-хорунжий атағын алған. 1846 ж. №46 дистанцияның бастығына тағайындалып, ел басқарған. Ағасы Алтыбай Көбековтың ауылын шапқан соң Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан.

     1844 ж. жаппастықтардан зекет жинауға Наурызбай бастаған 100 жасағына қарсы келіп, оларға жалған қызмет ете жүріп, Жанғабыл өз жігіттерімен түн ішінде 100 адамның 95-ін өлтіреді, өзіне қауіп төнгенін есіткен Наурызбай батыр қашып құтылады. Ал, жас батыр Байтабын сорға ұрынып, сонда өлген. Бұл жөнінде және Жанғабыл жайында халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Жасауыл қырғыны» мен Омар Шипиннің «Жеті батырдың оқиғасы», дауылпаз ақын Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанында айтылған.

     Жанғабыл батыр турасында ақын Қуаныш Баймағанбетов, т.б. ақындар өз жырларын арнаған. Бірнеше тарихи кітаптар мен архив құжаттарында Жанғабыл батыр туралы бірен-сараң деректерде кездеседі.

04 май 2015 г. 10:03
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: