Жылқаман батыр

     Жылқаман батыр 1712 жылы Жылқаман батыр 1724 жылы он екі жасында атқа қонып Әбілқайыр ханның жасағында жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының ұлт азаттық соғысына қатысқан. Сыбан Рабтан бастаған жоңғар басқыншыларының қолында 1712 жылы Полтава шайқасында қолға түскен швед офицері Ренаттың басшылығымен құйылған зеңбіректер болса Әбілқайыр хаңңың қол астындағы қазақ сарбаздары да ара-тұра мылтықпен қаруланыпты. Мұны Әбілқайыр ханның патшайым Анна Иоанновнадан зеңбіректер, мылтықтар сұрап жазған Қазақстан Республикасының Алматыдағы тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған хаты да дәлелдейді. Қазақ қолындағы бірлі-жарым отты қарулардың бірі «Ақшұбар» деп әлпештеп қойған Жылқаман баланың қолындағы мылтық еді. Реті келгенде Ресей жеріне өтіп, мал сататын Отыншы үйір жылқыға екі пұт оқ дәрісімен құндағы алашұбар бір мылтық алып қайтқанда ағайындары мазақ етіпті дейді. Сонда Отыншы: - «Бастарыңа іс түскенде қорғандарың осы Ақшұбар болар әлі» - деген екен.

     Қаршадайынан қан кешіп, жан алып, беріскен талай қырғынға араласқан Жылқаман туған жері Арал теңізінің Шығыс жағалауындағы Ақирекке сақайып, ержетіп оралады. Бірақ арада екі жыл өтпей-ақ тағы да Ақшұбарын асынып түн қатуға тура келеді. Бұл соғыс қазақ халқының Ресей империясының бодандығына қарсы алғашқы табан тірескен қарсылығы еді.

Зейнолла Шүкіров «Сыр бойы» романында Жылқаман ерлігінің бір парасын келтіріп өтеді. Онда 65 жыл бойы халқының қамы үшін Ақшұбарын асынып, аттан түспеген алты Әлімнің ардақтысы батыр бабаның соңғы жорығы жайында айтылады. Жылқайдар батырдың кегін қайтаруға барған жорық кезінде жас Жанқожа жекпе-жекте жеңіп көзге түседі. Батыр оған «біздің бастан тайған бақты, саған берсін, тәңірім» деп батасын берген екен.

     1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ғылыми экспедициясы Арал теңізінің шығыс жағалауындағы теңіздің түбінде қалған корымның орнынан Самарқанның көк тасынан қашалған құлыптас тапты. Араб һәріпімен жазылған белгі құлыптастың Жылқаман батырдікі екендігін анықтады. Онда батырдың туған, өлген жылдары 1712-1790 деп көрсетілген. Құлыптас Қызылордаға әкетілді.

     Жан тәсілім етер шағында қоштаса келген ағайындары одан: - Бұл дүниеде қандай арманыңыз бар? – деп сұрапты. Сонда қарт батыр: - Мылтықтың түтінін түтініне қостым, бірақ оғын оғына қоса алмадым, - деп көз жұмыпты.


04 май 2015 г. 10:18
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: