ӘБДІРАМАНОВА КҮЛӘНДА

     Әбдіраманова Күләнда 1920 жылы қазіргі Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында туған. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949). Орал қаласындағы ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын мектепті бітірген (1952). 1938-1948 жылдары Сырдария ауданындағы қазіргі Н.Ілиясов атындағы академияда звено жетекшісі, 1952-1960 жылдары сол ауданындағы Ворошилов атындағы ұжымшарда агроном болды. 1960 жылдан туған ауылында күріш егумен айналысып, 1948 жылы 18 га егістіктен 34 центнерден бидай алды. Осы кезеңде бұл өте үлкен көрсеткіш, ірі жеңіс болатын. Үкімет бұл еңбегін жоғары бағалап, 1949 жылдың мамырында Еңбек Ері атағын берсе, басқа звено мүшелері де ордендермен марапатталған. Біраз уақыттан кейін К.Әбдіраманова Қызылордаға көшіп келеді. Аяқ киім фабрикасында жұмысшы болып орналасады. Ол мұнда да еңбектің озық үлгілерін көрсетіп, кәсіподақ жұмысына белсене араласады. Кейіннен Қазақ ССР-ның 50 жылдығы атындағы кеңшарда жұмыс істеп, жас жақаевшыларға К.Әбдіраманова бас-көз болып, олардың жақсы дихан болуына ықпал ете білді. 1995 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болды.
04 май 2015 г. 14:53
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: