ӘБЖАЛОВ ШОМАНБАЙ

     Шоманбай Әбжалов 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, «Қаратау» кеңшарында дүниеге келген. Жетіжылдық мектепті бітірген ол соғыс кезінде ауылдағы ауыр жағдайға байланысты оқуды одан әрі жалғастыруға мүмкіндігі болмады. Еңбекке жастайынан араласып кетті. 1950-1952 жылдары Отан алдындағы борышын өтеп қайтты.

     1952-1984 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Жұлдыз» кеңшарында 32 жыл шопан болып, қой өсірді. Ол бұл жылдар ішінде мал басын аман сақтауда, төл алуда, қаракөл елтірісін өндіруде жоспарды үнемі артығымен орындап отырды.

      Ш.Әбжалов оныншы бесжылдықта (1976-1980) отардың әр 100 аналығынан 150-215-тің аралығында қозы алып, әр қойдан 3-4 килограмнан жүн қырықты. Оның еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1981 жылы 8 сәуірдегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды, оның есімі Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алтын кітабына жазылған. Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің алтын, күміс медальдарын алған. Ш.Әбжалов «Жұлдыз» кеңшарының Құрметті азаматы, Республикалық дәрежедегі зейнеткер.

04 май 2015 г. 15:00
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: