ИСАЕВ ӘЛИ

    Исаев Әли 1898 жылы қазіргі Жаңақорған ауданы, Айдар ауылында дүниеге келген. Күрішші, соғыс және еңбек ардагері, Соц. Еңб. Ері (1949). Үш жылдық агрономиялық курсты бітірген (1953). 1926 ж. «Байзақ көл» кооперативтік бірлестігінде кіріп, бидай егісінің сушысы болды, 1928 ж. «Екпінді» ұжымына кіріп, мақташылар звеносын басқарды. 1937 жылы күріш звеносына жетекшілік етті.

    Әли Исаев 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. Одан жеңіспен оралған Әли қайтадан күріш звеносын басқарды. 1948 ж. Исаев Әли егістіктің әр гектарынан 80,5 центнерден астық жинады. Еңбегі жоғары бағаланды. СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 жылы 20 мамырдағы Жарлығымен Әли Исаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол 1953 жылдан бастап жеті жыл бойы күріштен мол өнім алды. Ол қажырлы еңбегі үшін екі мәрте Ленин орденімен марапатталған.

     Әли Исаев 1975 жылы қайтыс болды.


04 мамыр 2015 ж. 16:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: