КӨКИЕВ НАРТАЙ

     Көкиев Нартай 1901 жылы қазіргі Шиелі ауданында дүниеге келген. Еңбек және соғыс ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1966). Еңбек жолын «Үлгілі» (қазіргі Н.Бекежанов а.) ауылында бастады. Соғыстан оралғаннан кейін шопан болып жұмыс істеді. Ол ел игілігіне мол үлес қосып, мал шаруашылығын өркендету мен оның өнімдерін арттыруға белсене атсалысады.

       Көкиев Нартай 1957 жылы Қазақ КСР-нің мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері атағын алады. Халық шаруашылығы Жетістіктерінің көрмесіне екі рет шақырылып, көрме Бас комитетінің үлкен күміс медалімен, КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы социалистік жарысының озаты» белгісімен,1958 ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1966 ж. әр 100 саулықтан 207-ден қозы өсірді. 1966 жылы Н.Көкиевке мал шаруашылығы саласында тамаша табыстарға ие болғандығы үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Көкиев есімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып, мал шаруашылығы өнімдерінің молшылығын жасаудағы аса көрнекті табыстары үшін 1963 ж. ҚазКСР-нің «Алтын құрмет» кітабына жазылды. Бірнеше рет облыстық, аудандық партия комитеттерінің құрамына, жергілікті Советтердің депутаттығына сайланды.

         1972 жылы 18 қарашада қайтыс болды.

04 май 2015 г. 17:44
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: