МЕҢЛІБАЕВА АЙША

    Айша Меңлібаева 1912 жылы Сырдария облысының 11-ауылында туған. 1930 жылдан 1 май атындағы колхоздың шопаны болып істеді.1941 жылы майданға аттанған ерінің орнын басып, аға шопан болды. Айша үлкен қажырлылық пен ерлікті талап ететін аға шопанның міндетін абыроймен атқарды. Өзінің қоралы қойымен боранда, қарда, көк тайғақта далада талай рет қалып қойды, бірақ қиындықтардың бәрін де жеңе білді. А.Меңлібаева 1957 жылы ерекше зор табысқа жетті. Осы жылы әрбір 100 саулықтан 139-дан қозы өсіріп, әр қойдан 31 кг.жүн қырықты және қаракөл елтірісінің 73 пайызын бірінші сортпен өткізді.1957 жылы бір ғана Айшаның отарынан колхозға 100 мың сомға (ескі ақшамен) кіріс кірді. Қойларды электр қайшымен өзі қырықты. Осы еңбектері үшін Айша Меңлібаеваға 1958 жылы 29 мартта СССР Жоғарғы Советі Президумының Указымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Осы жылы ол «Қазақ ССР-ның социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген мастері» атағына ие болды.Тамаша еңбеккер Айша Меңлібаева еңбекшілер депутаттары Қызылорда облыстық Советіне екі рет, ал 1958 жылы февральда Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат және Қазақстан Компартиясының ХІІ съезіне делегет болып сайланды. Қой шаруашылығын өркендетудегі жетістіктері үшін 1966 жылы Ленин орденімен марапатталды.

04 май 2015 г. 18:23
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: