ПАК ЧЕН ЕР

       Пак Чен Ер 1904 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Ольгин ауданында дүниеге келген. Еңбек ардагері. Соц. Еңб. Ері (1950). Еңбек жолын 1918 ж. балық аулайтын кеменің жұмысшысы ретінде бастаған. 1932 жылы Қазақстанға еріксіз жер аударылған. Шиелі ауданындағы «Гигант» ұжымшарына кіріп, күріш өсіретін звеноның жетекшісі, 1937 ж. егіс бригадирі болды.

        Пак Чен Ер ұзақ жылдар бойы Қызылорда облысындагы үздік күріш өсіру шеберлерінің бірі болды. 1947 жылы егіннен мол өнім алғаны үшін Ленин орденімен марапатталды.

       1949 жылы әр гектардан 97,2 центнерден күріш өсіріп, осы дақылдан түсім алудың рекордын жасады. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1950 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен күріш өсірудің тамаша шебері Пак Чен Ерге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

         Пак Чен Ер бүдан кейінгі жылдары да өзінің шеберлігін еңбектегі жаңа табыстармен дәлелдеді. Ол өзіне көптеген тамаша ізбасарлар даярлады. 1959 жылы қайтыс болды.


05 мамыр 2015 ж. 09:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: