СЕРІМБЕТОВ БАҚЫТЖАН

    Бақытжан Серімбетов 1929 жылы Қазалы ауданы, Қожабақы ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1943 жылы туған ауылында тракторшы болып бастады. 1945 жылы Қызылорда қаласындағы «Плотинақұрылыс» тресіне қатардағы жұмысшы болып қабылданғаннан кейінгі жылдары «Қызылордаводстрой» тресіне қарасты су құрылысы мекемелерінде скреперші-бульдозерші, машинист-экскаваторшы мамандығы бойынша жемісті қызмет атқарды.

  1965-1971 жылдары №29 жылжымалы мехколоннада скреперші-бульдозерші ретінде облыстың барлық аудандарында күріштік алқаптарды инженерлік жүйеге келтіруге қажырлы еңбегімен айрықша үлес қосты. Облыстың су шаруашылығын өркендетуге ерекше үлес қосқаны үшін оған 1971 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

    Су шаруашылығының саңлақ дарабозы Б.Серімбетов облыстың қоғамдық өміріне де белсене араласты. Қазақстан кәсіподақтарының ХІ, КСРО кәсіподақтарының ХҮ съезіне делегат болып сайланды.

    Сыр өңірінің суармалы егіншілігін дамытуда өзіндік айрықша із қалдырған Б.Серімбетов 2010 жылы 4 қазанда дүниеден өтті.

 

08 май 2015 г. 09:15
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: