ХАН РОМАН ВАСИЛЬЕВИЧ

     Роман Васильевич Хан 1912 жылы Примор өлкесі, Хасан ауданындағы Нижний Яньихе селосында туған. 1937 жылы Қазақстанға келіп, Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Гигант» колхозында күріш өсірушілер бригадасының бригадирі болып істеді.

     Р.В.Хан әр гектардан 35—40 центнерден кем күріш алған емес.1949 жылы оның бригадасы 26,5 гектар көлемдегі егістіктің әр гектарынан орта есеппен 84 центнерден күріш өсірді. Еңбектегі осы ерлігі үшін Роман Васильевичке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысты, дәл сол жылы екінді рет Ленин орденімен марапатталды.

08 мамыр 2015 ж. 11:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: