САДЫҚБЕК САПАРБЕКОВ

   Садықбек Сапарбеков 1902 жылы Жаңақоған ауданындағы Сырдарияның сол жағалауындағы «Балапантөбе» деген жерде дүниеге келген. Әкесі кедей шаруа болған. 1912-1917 Жаңақорғандағы орыс-түзем мектебінде оқыған.

   1920-1923 жылдар аралығында Түркістан өлкелік партия комитеті жанындағы партия мектебінің коммунистік жастар одағы бөлімін басқарды, сонымен бірге Алматы, Жетісу облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін қоса атқарды.

  Осы жылдар ішінде Садықбек көрнекті комсомол қайраткері Ғани Мұратбаевпен бірге зейінді балаларды қамқорлыққа алып тәрбиеледі. Сол жастардың арасынан кейін Асқар Тоқмағамбетов, Айтбай Хангельдин, Өтебай Тұрманжанов, Бейсенбай Кенжебаев, Жайық Бектұров, т.б. жазушылар шықты.

   Садықбек пен Ғанидың достығын, екеуінің еңбегін жоғары бағалаған философия ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев: «Ол кезде комсомолдың жұрт таныған екі жетекшісі болды, - деп жазды. – Бірі – Ғани, бірі – Садықбек. Ол кезде Ғани өлкелік комсомол комитетінің бас хатшысы да, Садықбек Түркістан Орталық партия комитетінің жастар бөлімінде істейтін.

   Бұл жылдары Орта Азия мен Қазақстан комсомолының екі белгілі қайраткері жергілікті кедей жастарын ұйымдастырып, Қызыл Армия үшін азық-түлік жинады. Бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның комсомол активтері ол кезде осы екі тұлғаның ықпалында өсті».

   Садықбек Сапарбеков 17 жасында партия мүшесі болды. Ол 1921 жылы Коммунистік Жастар Одағы атынан РГП(б) Х съезіне делегат болып қатысты. Партияның ХҮ,ХҮІ съездерінің де делегаты болған. Қызылорда, Қарсақбай аудандық, Ақмола, Гурьев округтік, Батыс Қазақстан облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақстан Кәсіподақтары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

   Академик-жазушы Сәбит Мұқанов Садықбек туралы «Есею жылдары» кітабында да жазған.

  Садықбек Сапарбеков 1937 жылы қараша айында, Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тұрған кезінде ұсталып, «халық жауы» деген жалған айыппен қамалды. 1938 жылы Алматы облысының Іле ауданына қарасты «Қарасу» маңындағы «Қандысай» деген жерде атылып, жерленген 19 адамның бірі Садықбек Сапарбеков еді.

   Жаңақорған ауданындағы №125 орта мектепке және бір көшеге Садықбек Сапарбековтың есімі беріліп, ол оқыған мектепке ескерткіш тақта орнатылған. Жаңақорған ауданының «ХХ ғасыр Адамы» деп танылды.

08 май 2015 г. 15:40
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: