ЖАНЗАҚОВ ӘБДІҚАБЫЛ ҒАПУРДИНҰЛЫЖанзақов Әбдіқабыл Ғапурдинұлы - кәсіпкер. 1957 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Жамбылдың гидромелиоративтік институты мен Мәскеудің бизнес-технология университетінің Қызылорда филиалын бітірген. 1987-1995 жылдары құрылыс мекемелерінде басшылық қызметте, 1995-1997 жылдары «Ай-Дан» ЖШС-нің бас директоры болған. Осы жылдары Қызылорда қаласында тұңғыш ұн зауыты, нан зауыты, құс фабрикасын іске қосып, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке – 10 жыл», «Аттан» медальдарымен марапатталған. Қазір «Ай-Дан»-инвест ЖШС-нің бас директоры. 2007 жылдың 25 желтоқсанында үздік кәсіпкерге Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді. |
Гости19
Роботы24
Список пользователей
Saya Nurlan
Был(a) в сети 7 часов назад
bpatrickswifty801
Был(a) в сети 9 часов назад
akbota
Был(a) в сети 12 часов назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 21 час назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ