Өлкетану библиографиясы секторы

Өлкетану библиографиясы секторы - өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады. 

Өлкетану библиографиясы секторы 2015 жылы қаңтар айында құрылды. 

Сектордың мақсаты және міндеттері:
- өлкетану құжаттары қорын қалыптастыру;
- өлкетану әдебиеттерін насихаттау;
- ғылыми зерттеу және баспа қызметі. 

Сектор облыстағы барлық кітапханаларға және мекемелерге өлкетану әдебиетінің мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек береді.                 

Сектордың анықтамалық-библиографиялық аппараты:
- өлке жайында анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар;
- өлкетану картотекасы (өлке жайында 40 мыңнан астам кітаптардың, Сыр өңірі туралы газеттер мен журналдар мақалаларының библиграфиялық жазбалары); 
- Қызылорда облысы бойынша елеулі оқиғалар және белгілі күнтізбелердің хронологиялық картотекасы;
- өлкетану бойынша тақырыптық папка-досьелер; 
- қазақ және орын тілдерінде «Өлкетану», «Краеведение» мәліметтер базалары.

Сектор меңгерушісі: Маханбет Айнұр Талғатқызы

Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-14-17


13 қаңтар 2015 ж. 16:28
1 қарау