"Шаңырақ" интеллект - орталығы

      БҰҰ және ҚР Үкіметі бірлескен  "Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту" бағдарламасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыссыз жастарға және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады. 
      Жобаның мақсаты 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында  ІТ-технологияларды пайдалануға үйрету болып табылады.
     «Шаңырақ» интеллектуалды орталығында электронды оқулармен қатар кәсіби қолөнершілер жұмыссыз жастарды тоқу, тігу өнеріне үйретеді. Қалауына қарай жастар бұл өнердің де қыр-сырын меңгеріп, алдағы уақытта шеберлер сабақтарына қатыса алады.
      Курс  мына тренингтер бойынша тегін өткізіледі: MS Word, MS Excel, MS Power Point, Corel Draw,
Photoshop, Pinnacle (видеомонтаждау), компьютер құрылғыларын жөндеу. Курсты аяқтаған соң сертификат беріледі. 
      Курстың уақыты: Сейсенбі: сағат 10.00-11.30 Жұма: сағат 10.00-11.30
      Біздің мекен-жайымыз:
      Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
      А. Құнанбаев даңғылы 53 Д
      Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-14-17
      Электронды пошта: ounb_kzlorda@mail.ru


 

 

 

 

 


 


 

 




 


 

 


 


 


 

16 маусым 2016 ж. 10:35
0 қарау
Пікір
1
Eden 24 мамыр 2022 09:52
Watch Factory Глобальная доставка Посетите веб-сайт, чтобы увидеть больше стилей:https://www.ukreplicawatches.eu
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: