«Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты сайыс ұйымдастырылды.

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесіне орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты сайыс ұйымдастырылды.

Оның мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы – еліміздегі бірліктің кепілі екендігін таныту.         Жастардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Еліміздегі көптеген ұлт өкілдерімен бауырластық, туыстық, көрші мемлекеттермен ынтымақтастық, бейбітшілік қарым-қатынастар орнатудың маңызын түсіндіру. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлттардың өнерін насихаттау.

    Іс-шараға облысымыздағы ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қатысып, татар ұлттық мәдени орталығының төрайымы Ғалия Ғизатулина құттықтау сөз сөйлеп ашты.

     Мерекелік іс-шараға Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, «Болашақ» университетінің колледжі, «Жас өркен» колледжі және Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі студенттері қатысып, мына кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

1.Достық тақырыбында өлең оқу

2.Шешендік сайыс (Достық, татулық, ынтымақ тақырыбында мақал – мәтелдерді толықтыру)

3.Достықты насихаттайтын көрініс қою (10 минуттық)

4.Өнер көрсету (әр түрлі халықтардың биі немесе әні)

     Қатысушылар сайыс шартына орай әр түрлі халықтардың ұлттық киімдерімен келіп, өнерлерін ортаға салды. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде жатық сөйлеп, мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Нәтижесінде барлық кезеңдерде өте жоғары деңгейде өнер көрсеткен «Болашақ» университетінің колледжі қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге лайық деп танылды. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі 1-ші , «Жас өркен» колледжі 2-ші, Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі 3-ші орынға ие болды.

      Іс-шара тақырыбына орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты кітап көрмесі жасалды.


 

 

 

 

 

  

 

29 сәуір 2016 ж. 18:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: