15 мамыр –Халықаралық отбасы күніне арналған «Менің Отаным- Қазақстан»- әдеби ертеңгілік

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 17 мамыр күні 15 мамыр –Халықаралық отбасы күніне арналған «Менің Отаным- Қазақстан» атты әдеби ертеңгілік өткізді.

   Мақсаты: Оқушыларды Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау. Оқушыладың білімін кеңейту, ой-өрістерін дамыту.

   Әдеби ертеңгілікте балалар Отан, туған жер, ата-ана, достық тақырыбындағы тақпақтарды жатқа оқыды, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Шараға №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің 2 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар қатысты.


 

 

 

 


 


17 мамыр 2016 ж. 19:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: