«Әлем таныған Олжас» (Ақын О.Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған кітап көрмесі)

     2016 жылдың 18 мамыр күні кітапханада қазіргі заманның ұлы ақыны, публицист, кинодраматург, зерттеуші- ғалым, қажырлы қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынын лауреаты, Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған Олжас» атты кітап көрмесі жасалды.

      Көрменің «Өмір белестері» атты 1-бөлімінде ақынның өмірбаяны, шығармашылық және қоғамдық–саяси қызметінің негізгі кезеңдерінен кітаптар мен фотосуреттер қойылды. Ақын туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы-«Арғымақ» (1961)деген атпен шыққан. Көрменің «Жалын атқан жырлар» бөлімінде ақынның жеке төл шығармалары, өлеңдері мен поэмалары «Доброе время восхода» (1964), «Год обезьяны» (1967), «Глиняная книга» (1969), «Атамекен»(1972), «Повторяя в полдень»(1973), «Круглая звезда» (1975), «Азия :Книга благонамеренного читателя» (1975), «Әр қилы арайлы таң» (1986), «Преодоление» (1987), «Избранное» (2006), «От января до апреля»(1989), «Арғымақтар» (2002), «Мосты» (2003), «Избранное» (2006), «Таңдамалы туындылары», «Поэт красивым должен быть, как бог...» (2012), «Беседы с Олжасом» 2004-2011гг. (2011), «Сүмбіле жұлдызы» (2011), «Литература это жизнь» (2011), т.б. кітаптары қойылды.

     3-ші бөлім «Қоғамның мұңын айтқан қайраткер» деп аталады. Бұл бөлімде қайраткердің ғылыми мақалалары мен кітаптары, очерк және публицистикалық туындылары, одақтық, республикалық және облыстық мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған сұхбаттары қойылды.

      «Қаламгерлер толғамы» атты 4-ші бөлімде оның әріптестері мен әдебиетшілер, өнер танушылар, т.б. қоғамдық ғылым саласының өкілдерінің мерзімдік баспасөз беттерінде, ғылыми басылымдарда жарияланған ақын шығармашылығының жекеленген қырлары мен сырларына, жеке еңбектеріне арналған көптеген кітаптары мен мақалалары қойылды. Көрмені Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық – техникалық колледжі мен М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледждерінің студенттері, қалалық № 3 мектеп-гимназиясының оқушылары тамашалады.


 

 

 


 


18 мамыр 2016 ж. 14:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: