«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

2015 жылдың 28 қаңтар күні сағат 11.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылады.

Көрменің мақсаты: Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы дүние жүзіндегі татулық пен түсіністікті сақтаудағы теңдессіз ұйым ретінде бағаланады.Түрі басқа болғанмен , тілегі бір жүздеген ұлт елдегі бірлікті бекемдей түсуге негіз қалаған достық пен татулықты ту етіп ұстанып, ұлттық - мәдени салт-дәстүрлерімізді, әдеп-ғұрып, өнер мен мәдениетті қалыптастыра отырып дамыту, кейінгі ұрпаққа өнегесі мол тәлім тәрбие беру.

Кітап көрмесі 5 бөлімнен тұрады:

І - бөлім : Ата дәстүрін сақтаған ұлт

Елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі этнос өкілдеріне өздерінің тарихын, салт-дәстүрлері мен халықтық қалпын сақтаулары үшін үлкен мүмкіндіктер мен конституциялық құқықтар берілген. Ең бастысы, қазіргі күні қазақстандықтар өзара келісім мен бірлікке қол жеткізіп отырған мемлекеті баянды, мәңгілік ел ететін факторға айналып отыр. Түрлі ұлттар мен ұлыстар ұмыт бола бастаған тілін, мәдениетін, салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртуға мүмкіндік алуда.

Әлем елдері Қазақстанды көпұлтты мемлекет ретінде біледі, елдегі ұлт пен ұлыстың мызғымас татулығы, бірлігі өзелерге үлгі боларлықтай. Елбасы Н.Назарбаевтың тілін, дінін бөлек деп бөлмей, жүргізіп отырған сарабдал саясаты осы барлық ұлт пен ұлысты татулықта өмір сүруге ундеуде. Қазақы болмысыз да, дәстүріміз де, мәдениетіміз де ынтымақ пен бірлікті қашан да жоғары қоятыны туралы, бейбітшілікке, достыққа шақыратын шығармалар бірінші бөлімде орын алады.

ІІ - бөлім: Жер бетінде мәңгі тұр , Қазақ Елі!

«Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Бірақ, ата - бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол - сара жол. Мәңгілік Елдің жолы!» - деген еді Елбасы Ұлытау төріндегі сұхбатында.

Елбасының тарихи тұлғаларды ардақтауға арналған еңбектері ұшан - теңіз. Ғұн дәуірі, Көк түрік кезеңі, Алтын Орда заманы, Қазақ хандығы тарихы, жастарды ата тарихын ардақтауға, елін, жерін сүюге шақыратын толымды шығармалар екінші бөлімде орналасқан.

ІІІ - бөлім:Этносаралық ынтымақ - ел тірегі

Қазақстан бүгінде азат ел атанған, өзінің әлемге бейбітсүйерлігімен мойындата білген еліміз татулықты сақтау мен нығайту ісіне атсалысуда.

Халқымызда «Ынтымақсыз елді - ұрысы билейді. Ынтымақты елді -дұрысы билейді» деген қанатты сөз бар. Елін ынтымаққа жетелеген Елбасымыздың да арманы - қазақ халқын «Мәңгілік Елге » айналдыру.

Сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағы өткеніне көз жіберіп, ата-бабасының жолынан сабақ алары ақиқат. Тарихын бағамдап, келешегін кемелдей түсуге үлес қосатын әдебиеттер үшінші бөлімде орын алып тұр.

ІV - бөлім: Ұлттар арасындағы достық - ұлы жетістік

Бейбітшілікте, есендікте өмір сүруге ұмтылу - қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. Казақ халқы қонақжай, сабырлы, ежелден бейбітсүйгіш, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел - бұл қасиеттер халқымыздың ел егемендігіне де үлесін қосып келеді.

«Мың өліп, мың тірілген » бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып , еліміз бен жерімізді сыртқы жауларын азат ету жолында аянбай күресті.

Елімізде саяси тұрақтылықты сақтауда, Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Төртінші бөлімде орналасқан әдебиеттер өткен тарихымызды жаңғырту арқылы, жас буынға Тәуелсіздіктің қандай ерлік арқылы келгендігін, түрлі ұлттар мен ұлыстар тарихын баяндайтын елдің бірлігі, ынтымағы, ұрпақтар сабақтастығы туралы шығармалар.

V - бөлім:Қызылорда - татулық пен келісім қаласы

Ата -баба арманы болған Мәңгілік Елге айналу ісін жүзеге асыруды мақсаттаған Елбасымыз: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», деп болашақтың бағытын да айқындап берді.

Біздің өңіріміздің мәдени қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар 11 ұлттық -мәдени орталығы жұмыс жасап келеді. Ұлттық -мәдени орталықтардың негізгі мақсаты салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, өнер мен мәдениетті қалыптастыра отырып кейінгі ұрпаққа өнегесі мол тәрбие беру.

Бұл бөлімде Отанға деген сүйіспеншілік, туған ел,оның жетістіктері туралы тақырыптарға терең көңіл бөлініп, еліміздегі бейбітшілік пен келісім тәрізді құндылықтар туралы туындыларға басты назар аударылды.

Кітапхананың байлығы - тасқа басылған шежіресі болса, ұшан - теңіз білім бұлағынан сусындайтын оқырман біз үшін қастерлі қонақ. Барлық кітап сүйер қауымды, оқырмандарды жаңа әдебиеттермен толыққан тақырыптық кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған кең көлемді кітап көрмесінде облыстық кітапхана директоры МырзамұратоваНұржамал Ахметқалиқызы сөз сөйледі..

Кітап көрмесінің ашылу салтанатына ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің политехникалық факультетінің МРОЗ-14-1, МРОЗ - 14-3, студенттері қатысты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі»


28 қаңтар 2015 ж. 16:49
0 қарау
Пікір
1
Асем 2 ақпан 2020 21:53
Ешнәрсе жоққой
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: