«Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың ролі»

   Ел ертеңі – жастар. Олар өз Отанына шын берілген, елін, жерін сүйетін тұлға болып қалыптасса, мемлекетіміздің алдында ашылмайтын­ есік, алынбайтын қамал болмайды. Сондықтан осы бастан жастарымыздың бойына отаншылдық рухын себуіміз қажет. Соның бірден-бір жолы – ұлт тарихы негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­ та өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өткен болатын.

  Елбасымыздың Жолдауын насихаттау және болашақ ұрпақты имандылыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, отансүйгіштікке тәрбилеу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтік қамтамасыз ету секторы «Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың ролі» атты дөнгелек үстел ұйымдастырды.

   Өзекті мәселеге арналған отырысқа Ауған соғысының ардагері, Облыстық «Ерлік» үлестіру кеңесінің төрағасы Баймаханов Қайрадин, Қызылорда қаласының қорғаныс жөніндегі істер басқарма бастығының көмекшісі Ахимбетов Бағдат және «Жас өркен», Қызылорда политехникалық колледждерінің студенттері қатысты.

   Облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы өз сөзінде «Ұлттық тарихты дамыту жолында біздің негізгі мақсат – жастарды біріктіріп, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерін паш ету, патриоттық сезімді қалыптастыру жолында біз үлкен жұмыс атқаратын боламыз»- деп атап көрсетті.

   Қатысушылар тақырыпты талдап, мемлекеттің және ұлт өмірінің нормасы патриотизм мен дәстүр рухы, бірлік пен сайыскерлік рухы болуы тиіс. Әрбір адам осы жасампаз рух оның өмірінің бір бөлігі болуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасауы тиіс деген пікірлер айтты.

   Кеш қонақтары қонақтары «Патриотизм – отансүйгіштіктің шыңы» атты кітап көрмесі тамашалады.

 

«Жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеудегі  ұлттық   тарихтың  ролі»

«Жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеудегі  ұлттық   тарихтың  ролі»

«Жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеудегі  ұлттық   тарихтың  ролі»

«Жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеудегі  ұлттық   тарихтың  ролі»

«Жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеудегі  ұлттық   тарихтың  ролі»

«Жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеудегі  ұлттық   тарихтың  ролі»

29 қаңтар 2015 ж. 18:01
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: