«Отбасының қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және оқырманға қабылдау салтанаты

   Балалар әдебиеті бөлімі 31 қаңтар күні «Отбасының қызығушылық әлемі» атты отбасы вернисажын және №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің 1 «г» сынып оқушыларын оқырманға қабылдау салтанатын өткізді. «Отбасын кітап даналығы нығайтады» ұранымен кітапханада өткізіліп жатқан шара балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институты - отбасын рухани, өнегелік, ұлтық мәдени салт-дәстүрлерді нығайтуға жағдай жасайды. Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі қажеттілігін түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметттік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

   Отбасы вернисажында Жұмаділдаева Әсия- әжесі, Жұмаділдаев Ғани – әкесі, Тұрақова Ләззат – анасы , балалары – Ертаева Меруерт, Ертай Аманали, Ертай Әлиядан тұратын Жұмаділдаевтар жанұясы өздерінің отбасылық әуестіктері туралы слайд-шоу көрсетіп, ата- аналары балаларына кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылықтарын кітап оқу арқылы үйрететінін, оларға жан-жақты, білімге құштар етіп өсіруге тәрбиелейтіні туралы айтты. Олар өз қолдарымен жасаған заттардан көрме ұйымдастырып, сүйікті ертегілерінен шағын қойылым көрсетіп, әжелері өзі шығарған кітап туралы, оның пайдасы туралы өлең оқыды.

   №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің 1 «г» сынып оқушылары әліппемен қоштасып, балалар бөліміне салтанатты түрде оқырман болып қабылданды. Олар кітап, оқу және кітапхана туралы өлеңдер оқып ән шырқады. Сүйікті кітаптарының кейіпкерлері Буратино, Мальвина, Карабас, Ақшақар, Күлше қыз, Айболит, Түймекқыз бірінші сынып оқушыларын оқырманға қабылдады.

Кітап ханшайымы балаларға сыйлықтар және «Жас оқырман жаднамасын», ал ата-аналарға «Балаға кітапқа және кітап оқуға сүйіспеншілікті қалай дамытамыз» және «Оқырманды мәпелеп өсіреміз» атты жаднамаларды табыстады.

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты

«Отбасының  қызығушылық әлемі» - отбасы вернисажы және  оқырманға қабылдау салтанаты


31 қаңтар 2015 ж. 13:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: