«Толағай ақын, толастамас жыр»

     18-ші ақпан күні Ә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Тәжібаев оқулары»аясында «Толағай ақын, толастамас жыр»атты жыр-сайысын өткізді.

   Сайыстың мақсаты: Ақын драматург, сыншы, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау, сөз байлығымыздан нәр алып, оқушылардың зеректік қаблетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, озық ойлы оқушыны анықтау. Оқырмандардың ұлттық поэзияға деген талғамын өсіру, жыр сүйер қауымға қуаныш сыйлау.

    Жыр-сайысына №1 Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназия, №23, №264 мектеп-лицей, №4 Сәкен Сейфуллин, №7, №101, №140, №187 Мұстафа Шоқай, №233 Жаппасбай Нұрсейтов, №268 атындағы орта мектептердің 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Сайысқа қатысушыларды «Тіл сақшысы» газетінің тілшісі Жанар Тұрдыбекқызы, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Сәдуова Раушан, «Дарын» балалар газетінің тілшісі, айтыскер ақын Совет Төрехан бастаған білікті әділқазылар алқасы бағалады.

     Сайыста ақынның өлеңді жатқа оқу мәнері, шеберлігі және сахналық мәдениеті бағаланды. Сайыста жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломмен және барлық қатысушылар мен олардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.

     Атап айтқанда:

     І дәрежелі дипломмен №268 атындағы орта мектеп 8 «ә» сынып оқушысы Әлішерова Гүлнұр, ІІ дәрежелі дипломмен №264 мектеп-лицейдің 8 «ә» сынып оқушысы Кенжеғұл Арайлым, ІІІ дәрежелі дипломмен №4 Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің 7 «б» сынып оқушысы Карибаева Ақбота марапатталды.

    №7, 268 және №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушылары сайысқа қатысушылардың құрметіне ән шашуларын арнады.

      Залда «Жыр дария – Әбділда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып және слайд көрсетілді.

 

 



18 февраль 2015 г. 18:52
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: