«Аққуын әлдилеген ән мен қүйдің»

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжімен бірлесіп Қазақстанның және КСРО халық әртісі, композитор, домбырашы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтың туғанына 90 толуына «Аққуын әлдилеген ән мен күйдің» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды. Оның мақсаты – Нұрғиса Тілендиевтың өмірі, өнері, шығармашылық жолымен таныстыру, ұлы тұлғаларымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
     Нұрғиса Тілендиевтың 90 жылдығына арналған кешті Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Абсадықов  ашты. Музыкалық кеште ұлы дарын  иесінің өмірі және шығармашылық жолы туралы әңгіме айтылып, осы колледж  әдіскері А.Ибраева, концертмейстерлері В.Швигель, Қ.Сақтапбергенова, А.Цой, Э.Алмаханова, Т.Шрамкова, О.Хегайлар белсенді ат салысты. Студенттері А.Айгерім, Б.Серік, А.Шадаев, А.Айдарбекова, С.Тұрғанбекқызы, Ш.Жансейітовтер композитордың «Баянауыл вальсі», «Ақ шағала», «Кел еркем, Алатауыңа», «Махаббат таңы» әндері мен «Аққу», «Жекпе-жек» т.б күйлерін орындады, «Сыр сұлуы» бишілер тобы бимен көркемдеді.
    «Ғасыр сазын тербеген» атты кітап көрмесі жасалып, оған Н.Тілендиевтың өмірі және шығармашылық жолынан сыр шертетін кітаптар мен баспасөз материалдары, суреттер қойылды. Кешті Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова қорытындылады.
 

 



17 март 2015 г. 11:12
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: