«Мәңгілік Ел - тарихтан»

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мәңгілік Ел - тарихтан» атты Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған экспозициялық - кітап көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.

Көрменің мақсаты: жастарды патриоттық рухта елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай - ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін тарихымыздың маңыздылығын атап көрсету.

Мәдени – шараға кітапхананың тұрақты оқырманы, бірнеше тарихи кітаптардың авторы Ә.Сабырбаев, тарихшы А.Сайлау қатысып, қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер мен қазақ хандығының негізгі құрылу кезеңдері жөнінде мәліметтер берді.

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері Мәңгілік қазақ Елі, Отаншылдық, Елжандылық туралы өлеңдер оқыды.

Мәдени шара аясында төрт бөлімнен тұратын экспозициялық - кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен қазақ хандығының төрт ғасырлық шежіресінің елеулі кезеңдерінен сыр шертетін әдебиеттер орналастырылған. Атап айтқанда: Галиев А. «Керей мен Жәнібек», Есенберлин І. «Көшпенділер», Бегалин Қ. «Алтын Орда хандары», Аяған Б. «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», Жұмаханов Т. «Қазақ хандығы», Қозыбаев М. «Тұлғалар тұғыры», Жақып Б. «Абылай хан энциклопедиясы», және фотосуреттер.

Қазақ хандығының құрылу тарихында хандықтың негізін салушылар- Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. «Шығыстың ұлылары » сериясымен шыққан бұл көркем суретті туындыда Қазақ хандығының негізін қалаған екі хан Керей мен Жәнібектің өмір жолы суреттелген. «Жетінші сөз» сериясымен шыққан белгілі тарихшы Т.И.Сұлтановтың Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы кітабы қазақ халқының тәуелсіздікке жетудегі күрделі тарихи жолы туралы, «Халықтың тарихи жады берік сақталмайынша ұлттың қалыптасуы және өсіп - өркендеуі мүмкін емес» деген сөздермен қорытындыланады. Қ.Бегалиннін «Отан тарихы» топтамасы бойынша шыққан Алтын Орда хандары атты кітапта Алтын Ордада билік құрған барлық хандардың өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер жинақталған.

Экспозициялық - кітап көрмесі Елбасының бастауымен үлкен ұлттық идеяға айналып отырған «Мәңгілік Ел» концепциясының философиялық- құқықтық, тарихи аспектілерін терең ашып көрсетеді.

 



08 апрель 2015 г. 17:10
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: