«Корней атаға қонаққа барамыз» Корней Иванович Чуковский - балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Ол өзінің алғашқы өлеңінен бастап өмірінің соңына дейін балалар поэзиясы саласында жемісті еңбек еткен.
Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 17 сәуір күні №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектепте балалар әдебиетінің классигі Корней Иванович Чуковскийдің шығармалары бойынша «Корней атаға қонаққа барамыз » атты ойын-қойылым ұйымдастырды. Мақсаты: балаларға К.И. Чуковскийдің таңқаларлық ертегілер әлемін көрсету, оларға оның шығармаларының даналығы мен көркемдігін жеткізу, ертегілерге деген сүйіспеншілігін ояту.
Мерекенің қызықтыда тартымды өтуіне №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің 1-3 сынып оқушылары өз үлесін қосты. Балалар Корней Чуковскийдің «Кірқоймас», «Шыбын-Цокотуха», «Телефон», «Айболит», «Бармалей» ертегілерін сахналап, көңілді өлеңдерін жатқа оқып, частушкаларын, әндерін айтып, әдеби ойындарын көрсетті. «Чукошаның» сүйікті ертегілерінің мерекесі өте қызықты өтті.
|
Гости6
Роботы18
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 9 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ