«Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы жеңіс!» Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаcында Ұлы жеңістің 70 жылдығына «Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы жеңіс!» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Оның мақсаты- соғыс қаһармандарының ерлік істерін насихаттау, ардагерлермен жүздесіп, оларға құрмет көрсету, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, батыл да батыр болуға үйрету, бейбіт өмірдің қадірін ұқтырту.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия хабарламастан шабуыл жасады. Соғысқа 35 миллионнан астам адам қатысып,соның 20 миллионнан астамы қаза тапты. Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұлы мен қызы Кеңес Армиясы құрамында шайқасты. 28-ші Панфиловшылар гвардиясы Мәскеу түбінде дүние жүзін таңқалдырған ерлік жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптаған зұлым соғыста Сыр елінің де лайықты үлесі бар, онда қызылордалық 21 азамат Кеңестер Одағының батыры атанды. 20 мыңнан астам жерлестеріміз ордендер мен медальдарға ие болды.
Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға арнайы шақырылған соғыс ардагерлері Дәнеш Оразов, Бөрібай Құлманов, Сәрсенбай Бақтыбаевтар ел басына күн туған отты жылдарды еске түсіріп, қаһармандық көрсеткен майдандас ержүрек жауынгерлер туралы әңгімеледі. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Ермағанбетова Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, ескерткіш сыйлықтар тапсырды.
Іс-шараны өткізуге белсенді атсалысқан М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері Қ.Сатыбалдиева, Х. Мұхаммед, М.Шамша, М.Батырхан, Т.Жаңалық, А.Изкеновалар «Катюша», «Огонек» «Мәншүк туралы ән», «День победы» әндерін орындады. Осы колледж студенттері сахналаған «Батыр қыз - Мәншүк» қойылымы көрермендер көңілінен шықты. Көпсалалы «Қызылорда Ұлағат» колледжінің студенттері А.Сағынаева, «Өркениет» медицина колледжінің студенттері Н.Сунақ, С.Нұрбақыт, кітапханашы Ж.Сәрсеновалар соғыс тақырыбына жазылған өлеңдерді нақышына келтіре оқыды.
Кеш тақырыбына орай «Отты жылдар шежіресі» атты кітап көрмесі жасалып, оған соғыс тарихынан сыр шертетін кітаптар мен фотоальбомдар, газет-журнал материалдары мен суреттер қойылды.
Іс-шараны облыстық кітапхана директоры Н.Мырзамұратова қортындылады.
|
Гости17
Роботы33
Список пользователей
akbota
Был(a) в сети 1 час назад
NRTroy
Был(a) в сети 2 часа назад
Назгул
Был(a) в сети 3 часа назад
Williamshank
Был(a) в сети 6 часов назад
Jeromypsype
Был(a) в сети 7 часов назад
Davidmeest
Был(a) в сети 7 часов назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 8 часов назад
Robertovothe
Был(a) в сети 8 часов назад
GeorgeIcono
Был(a) в сети 8 часов назад
Arthurhoazy
Был(a) в сети 8 часов назад
Brainpimic
Был(a) в сети 9 часов назад
Dwightwromi
Был(a) в сети 9 часов назад
Larrymek
Был(a) в сети 10 часов назад
Robertdooda
Был(a) в сети 10 часов назад
akzharkyn
Был(a) в сети 10 часов назад
Andrewchoks
Был(a) в сети 10 часов назад
Josephdroni
Был(a) в сети 11 часов назад
Edwardchilk
Был(a) в сети 11 часов назад
TerryExich
Был(a) в сети 11 часов назад
DennisEmops
Был(a) в сети 12 часов назад
Chrislox
Был(a) в сети 13 часов назад
JasonBesee
Был(a) в сети 14 часов назад
HaroldWosse
Был(a) в сети 14 часов назад
Edwardgeach
Был(a) в сети 14 часов назад
BarryPaync
Был(a) в сети 14 часов назад
Craigorera
Был(a) в сети 15 часов назад
GeraldUplix
Был(a) в сети 15 часов назад
ElvinMek
Был(a) в сети 16 часов назад
RobertpIofe
Был(a) в сети 16 часов назад
Davidgucky
Был(a) в сети 17 часов назад
JesusgeD
Был(a) в сети 18 часов назад
RobertEnaph
Был(a) в сети 18 часов назад
CharlesUrile
Был(a) в сети 18 часов назад
IsaacAbilm
Был(a) в сети 20 часов назад
GeorgeToike
Был(a) в сети 20 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ