Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл – ерекше мереке, бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлердің мерекесі.

Қазақ жерінен Ауған соғысына 22 мыңнан астам сарбаз қатысты. Олардың 920-сы майдан даласында опат болса, 21 сарбаз із-түссіз жоғалып, 1015 жас елге мүгедек болып оралды. Ал соның ішінде Сыр елінен 800-ден астам сарбаз аттанса, 18-і жат жұртта ерлікпен қаза тапты.

Сондай Ауған соғысында қаза болған сарбаздардың бірі жерлесіміз – Батыржан Шалғынбаев, оның есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Биыл 9 мамырда жерлесіміз Батыржан Шалғынбаев 50 жасқа толады.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 5 мамыр күні «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ауған соғысының жауынгері Батыржан Шалғынбаевтың 50 жылдығына еске алу кешін өткізді. Кешке №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің оқушылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсатыЖат жерде көз жұмған жерлес азаматымызды еске алу, жауынгердің қысқа ғұмырын үлгі-өнеге, тағылым ету, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Кешке Ауған соғысының ардагерлері Отаров Еркин, Сырғабаев Алмас және Б.Шалғынбаевтың ағасы Төлеген Шалғынбаев қатысып, өз естеліктерін айтты және оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Еске алу кешінде патриоттық әндер орындалып, өлеңдер оқылып ауған соғысының ардагері Б.Шалғынбаевтың өмірі туралы слайд көрсетілді. Батыржан Шалғынбаевтың тұтынған заттарынан көрме ұйымдастырылды.

Сонымен қатар шараға №6, №7 №140, №12 І.Қабылов атындағы, №187 М.Шоқай атындағы орта мектептердің және №264 мектеп-лицей оқушылары қатысты.

 



05 май 2015 г. 16:04
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: