«Ғажайып гүл»- экологиялық ойын – әңгіме

        Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымды кең ой жатыр десеңізші! Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі.
         Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау – көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы.
      2015 жылы 19 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Ғажайып гүл»- атты экологиялық ойын-әңгіме өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға тірі табиғатты аялай білуге, қорғауға баулу. Табиғатты ластаумауға, жан-жануарларды қамқорлыққа алуға үйрету. Әлемдегі тіршіліктің негізі Күн, Жер, су және ауа екендігін ұғындыру.
       Экологиялық ойын барысында балалар туған жердің табиғатымен танысып білімдерін нығайтты. Туған жерде өсетін өсімдіктердің көркем суреттерін салды. Аталмыш іс-шараға №267 және №233 Ж.Нұрсейітов атындағы  орта мектептердің  «Сыр ұландары» және «Күншуақ» жазғы тынығу лагерінен балалар белсене қатысты.
       Шара соңында балалар кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, iMektep  бағдарламасымен танысты.

 



19 июнь 2015 г. 15:44
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: