«Жемқорлық – індет, жою міндет» атты дөнгелек үстел ұйымдастырды.

          19 ақпан күні кітапханада «Жемқорлық – індет, жою міндет» атты дөнгелек үстел ұйымдастырды.

      Аталған шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қ.Әбдіраманов, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы - Л. М. Қаржаубаева, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің оқытушысы -Б. Қайназаров және кітапхананың тұрақты оқырманы Ә. Байбаксиев қатысып жастарға құқықтық мәдениетімізді көтеретін, біреуге ақша беріп тәуелді болу арқылы емес, заң көмегіне жүгінетін уақыт жеткенін, сыбайлас жемқорлық фактісі белгілі болса немесе осыған араласуға мәжбүр болған жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға, болмаса құқық қорғау органдарына хабарлап, жемқорларды әшкерелеуді азаматтық парызымыз екенін айтты.

      Бұл глобальды мәселені талдауға «Болашақ» медицина колледжінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді, ұдайы жүргізілгенде ғана оған билік те, қоғам да ат салысса ойдағыдай нәтиже беретінін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы елдің саяси басшылығының ең жоғарғы деңгейде тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуға тиіс екенін жан-жақты талқылады.

      Көпшіліктің назарына «Жемқорлық – індет, жою міндет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

 

 


 



19 ақпан 2016 ж. 18:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: