Ғасыр ғұмырлы - ғажап ақын

      Алты Алаштың ақтаңгер ақыны, елдің мұңын мұңдап, жоғын түгендеген, ұрпағына ұлы мұра қалдырып кеткен ХХ ғасырдың Гомері Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 170 жыл толып отыр. Жүз жасаған абыздың айтулы мерейтойына орай 26 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына «Ғасыр ғұмырлы - ғажап ақын» атты әдеби кеш өткізді.

    Мақсаты:Оқырмандарды Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

    Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өлеңдері жатқа оқылды, ақынның шығармашылығынан көрініс көрсетіліп, «Жамбыл ата жайында не білеміз?» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар оқушылар Жамбыл Жабаевқа арналған арнау өлеңдерін оқып, ән шырқады.

      Аталмыш шараға №7 орта мектептің 3-10 сынып оқушылары, №264 мектеп-лицейдің және №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің оқушылары белсене атсалысты. Әдеби кеште балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы, доцент, ұстаз Рахат Наурызбаева, №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмагүл Тұрсынбаева ақынның шығармашылығы туралы әңгімеледі.

    Сонымен қатар шараға көрермен ретінде №12 І.Қабылов атындағы және №101 орта мектептердің оқушылары қатысты. Іс-шара соңында оқушылар «Жыр алыбы - Жамбыл» атты кітап көрмесімен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


26 ақпан 2016 ж. 17:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: