«Заң» деректер базасы

 

«Заң» деректер базасы

 Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерінің электрондық жиынтығы. Бұл құжаттар Қазақстанның 1990 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық қызметтерін реттейді.

Бұл ДБ алдыңғы редакцияларды сақталған нормативтік актілер, сонымен бірге, қажетті сілтемелер және түсініктемелерімен рәсімделген күшін жойған құжаттар бар.

Құқықтық мәдениетті арттыру көп жағдайда құқықтық қызмет көрсетудің сапалы жүйесін құруға, соның ішінде халықты құқықтық ақпараттандыруға байланысты.
Қоғамның құқықтық хабардарлығы – мемлекеттік басқару, демократияны дамыту тиімділігінің, заңнаманы, азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін жетілдірудің, олардың құқықтық санасының деңгейін және құқықтық мәдениетін арттырудың, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды алғышарты. Құқықтық хабардарлықтың жағдайы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үшін қажетті болып табылатын қоғамның құқықтық ақпаратқа объективті сұранысымен ескеріледі.
Әрбір азамат субъективті құқықтық өкілеттігін іс жүзінде жүзеге асыру үшін тиісті құқықтық нормаларда сипатталған және бекітілген өзінің құқықтары мен міндеттерін білуді қажетсінеді. Әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген азаматқа қажетті құқықтық білімнің міндетті деңгейі бар екендігін атап өткен маңызды.
«Заң» деректер базасы
 Деректер базасы:

·Кеден Одағының заңнамасы бөлімімен;

·сот тәжірибесі бөлімімен;

·орысша-қазақша сөздікпен,

·заң терминдерінің энциклопедиялық сөздігімен;

·нақты НҚА-дағы терминге сілтеме жасай отырып, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заң терминдерінің түсіндірме сөздігімен;

·тіркелмеген құжаттармен–түсініктеме сипаттағы хаттар, ұсынымдар, құжаттардың үлгілері мен шаблондары және тс.с.

·тақырыптық іздеумен,

·«Сұрақ -жауап»бөлімімен жабдықталған.

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК – мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатын уағыздаушы.
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстандағы тұңғыш «Заң» деректер базасының әзірлеушісі болып табылады.

 

«Заң» деректер базасының бағдарламалық кешені ең заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып әзірленген.
«Заң» деректер базасы – Негізгі заңнан бастап ауыл округі әкімдерінің шешімдеріне дейін Қазақстан Республикасының барлық нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ алуан түрлі анықтамалықтарды, сөздіктер мен күнтізбелерді, қолданыстағы заңнамаға түсіндірмелерді, құжаттардың шаблондары мен үлгілерін, түсініктеме сипаттағы хаттарды, сот тәжірибесін, құқықтық консультацияны және тағы басқаларды қамтитын құқықтық ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі неғұрлым толық электрондық жиынтығы.
Деректер базасындағы ақпарат тек қана ресми дереккөздерден жинақталады, бұл нормативтік материалдың ерекше шынайылығын және бақылаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Заң» деректер базасы

 


 

28 январь 2015 г. 16:08
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код
Введите код: